Қайрат Құдайберген бір айға қамауға алынды

Қайрат Құдайберген бір айға қамауға алынды

Мәслихат депутаты Қайрат Құдайберген бір айға қамауға алынды, деп хабарлайды Qazaqpress Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

— Материал түсті. Тергеу 30 тәулікке қамауға алу туралы өтініш жасады. Сот өтінішті қанағаттандырды. Қалған сұрақтар бойынша тергеу органдарына жүгіну керек, — деді ведомство өкілдері.

Айта кетсек, бизнесмен қаңтар айындағы жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырып, қатысты деген күдікке ілінді.