Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар бойынша жаңа деректер жарияланды

Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар бойынша жаңа деректер жарияланды

Қазақстанда өткен тәулікте 8 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqpress COVID-19 бойынша ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 465-ке жетті.

Коронавирус жұқтыру дерегі екі қалада тіркелді. Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласында — 1,

Алматы қаласында — 7.

Сонымен қатар, тағы 9 адам коронавирус инфекциясынан айығып шықты.

Алматы қаласында — 8,

Шығыс Қазақстан облысында — 1.

Елімізде барлығы 1 290 997 адам COVID-19-дан айығып шықты.