Салымшылардың ақшасы ойдан шығарылған білімге, медицинаға және кеңсе жабдықтарына кетті, деп хабарлайды Qazaqpress Orda.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ақпаратына сүйенсек, Mudarabah Capital қаржы пирамидасы ислами бағыттағы инвестициялық қор ретінде жұмыс істеген. Қор тендерлерге қатысу үшін инвестиция тартумен айналысты деген болжам бар. Қаражатты қабылдауға Astex жауапты болды.
Mudaraba Capital пирамидасының жүйесі
- Инвестор қосымша табыс алу үшін инвестициялық қорға жүгінді. Салымшы келісім жасап, ақшасын депозитке салған. Ең аз инвестиция көлемі бес миллион теңгені құрады.
- Mudarabah Capital мен Astex арасында жасалған келісімнен белгілі болғандай, инвестициялық қор алдын ала ұйымдастырылған аукциондар арқылы салымшы қаражатының бөлінуін қадағалап отырды.
- Келісімге сәйкес, Astex әрбір 30 күн сайын салым сомасының 7-9% көлемінде инвесторға дивидендтер төлеуі керек еді. Ең аз серіктестік мерзімі 3 ай болды.
Салымшының 10 жұмыс күні ішінде ақшасын алуға мүмкіндігі болды-мыс.
Салымшының қаражаты медицина, білім және кеңсе жабдықтары үшін тендерлерге қатысқан-мыс.
Қаржы пирамидасының белгілері
ЖШС тіркеу кезінде серіктестіктің қосалқы коммерциялық қызмет көрсететіні көрсетілгенімен, Instagram желісіндегі Mudarabah Capital парақшасында компанияның негізгі қызметі инвестиция екені жазылып тұр.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бірінші байқаған нәрсесі Mudarabah Capital әлеуметтік желілердегі жарнама және үгіт-насихат арқылы салымшыларды өзіне тартқан болатын. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қызметкерлері анықтағандай, компания салымшылар мен 2019 жылдың 15 қарашасында тіркелген «Astex.kz» ЖШС арасындағы көпір іспетті болған.
Mudarabah Capital компаниясының бағалы қағаздар нарығында жұмыс істеуге және банк шоттарын жүргізуге лицензиясы болған жоқ. Сондай-ақ, компания салынған қаражатты қайтаруға ешқандай заңды кепілдік бермеген.
Mudarabah Capital негізін қалаушылар және басқару ісіне ат салысқандар
Бұрқанов Руслан Сәлімжанович (директор/құрылтайшы 15%);
Саидбаев Әзімжан Алымжанұлы (15%);
Жармұхамед Біржан Арманұлы (15%)
Санабеков Ғалымжан Бектіғұлұлы (15%);
Шерниязов Мейірхан Сәрсейбайұлы (15%);
Ча Андрей Владимирович (15%);
«MG partners» ЖШС (10%).
Халал бизнес
2021 жылы 26 қазанда Алматы қаласында Mudarabah Capital басшысы Руслан Бұрқанов ұсталды. Аталмыш ұйым қаржылық пирамида ретінде танылып, жарнамалауына Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов және Әзімжан Саидбаев сияқты танымал вайнерлер мен блогерлер тартылды.
Mudarabah Capital ЖШС мен салымшылардың арасындағы келісім-шартты жасасу үшін, беймәлім бір Ислам Банкі үшінші тарап ретінде шығып тұрды деген болжам бар. Фирма инвесторларды компанияның шариғат сертификаты бар екеніне және оның барлық ережелеріне сәйкес жұмыс істейтінін көндірді.
2021 жылдың сәуір айында зардап шеккен инвесторлар полицияға ұжымдық арыз берді. Олар «Astex» ЖШС мен «ACD Technology» ЖШС басшыларының үстінен шағымданып, оларды пирамидалық схема деп атады. 160 инвестор Mudarabah Capital арқылы Astex-ке екі миллиард теңгеден астам қаржы тартты.
Қазір полиция қызметкерлері 11 адамға қатысты қылмыстық іс қозғады, оның екеуі қамауға алынды, тағы екеуі іздеуде, қалғандары үйқамақта. Зардап шеккендер саны 160 адамнан асты.
Тағы бірнеше адам күдіктілер қатарына кірді
Алматы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек тергеу аяқталғанша тағы бірнеше адам күдікті ретінде танылатынын айтты.
«Болашаққа көз жүгірте отырып, тергеу аяқталмай тұрып тағы бірнеше адам күдікті ретінде танылады делік. Қазір материалдық шығын көлемін нақты анықтайтын сот-экономикалық сараптаманың қорытындысын күтіп отырмыз. Инвесторлар тек Алматы қаласының тұрғындары емес, Қазақстанның басқа аймақтарынан да келген. Сондықтан бұл процесс бір күнде шешілмейді», – деп түсіндірді Әзірбек.
Келтірілген шығын көлемін сот анықтайды. Қазір күдіктілердің барлық мүлкі, яғни банк есепшоттары, жер телімдері, үйлері мен көліктері тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу аяқталған жоқ.
Вайнерлердің қаржы пирамидасына қатысы бар
Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов және Әзімжан Саидбаев Mudarabah Capital ұсынған «пайдалы исламдық инвестициялар» туралы жарнамалық роликте түскен болатын.
Олар өздерінің ресми парақшаларында адамдарды күмәнді ұйымға ақша салуға үгіттеген еді. Кенет үшеуі де Mudarabah Capital компаниясының үлесіне кіргені анықталды. Тергеу басталған кезде оларға да қарсы іс қозғалды.
Ақпан айының басында қаржы пирамидасын құрып, оны басқарды деген күдікке ілінген екі вайнер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов 1 000 АЕК (3 063 000 теңге) дейін кепілдікпен босатылды. Тағы бір вайнер Әзімжан Саидбаевқа сот екі айға қамауға алуға бұлтартпа үкім шығарды. Бірақ ол қашып үлгерді. Алматы полициясы оны қашқын ретінде жариялады.
Әзімжан Саидбаев Өзбекстанда жасырынып жүр деген болжам бар. Саидбаев әлеуметтік желінің белсенді қолданушысы. Оның соңғы жазбасы 2021 жылдың 4 желтоқсанында болғанмен, блогер жазбаларының астындағы пікірлерді біреу үнемі «тазартып» отырады екен.
Әділет Ораз да 2021 жылдың 12 қарашасынан бері қаржы пирамидасын құру және басқаруға байланысты қылмыстық іс бойынша іздеуге салынды.
Полиция негізгі күдіктілерді былтыр көктемде ұстаса, Әділет Оразға күзде ғана іздеу жариялапты.
Қаржылық пирамиданы құруға және басқаруға қатысы бар тағы бір күдікті «Astex KZ» ЖШС директоры Алмас Құрманғалиев екі ай мерзімдік қамаудан үйқамаққа ауысты.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз