Айбек Қосуақов Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqpress облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
— 5 сәуірде Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаттарына басқа жұмысқа ауысқан Мақсат Ибағаровтың орнына жаңа әкімнің кандидатурасын ұсынды. Президент Әкімшілігімен келісілген жаңа кандидат Айбек Қосуақов болды, — делінген хабарламада.
Discussion about this post