Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар бойынша жаңа деректер жарияланды

Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар бойынша жаңа деректер жарияланды

Қазақстанда өткен тәулікте 15 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqpress COVID-19 бойынша ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 229-ға жетті.

Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласында — 4,

Алматы қаласында — 6,

Ақмола облысында — 1,

Алматы облысында — 2,

Шығыс Қазақстан облысында — 1,

Қостанай облысында — 1.

Қазақстанда 170 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Елімізде барлығы 1 290 278 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.