Сабақ кезінде оқушылар бетперде тағып отырады, деп хабарлайды Qazaqpress Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Алматы қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева айтты.
— Балалар сабақта бетперде тағады, бірақ асхана мен дене шынықтыру сабағында бетперде тағу міндетті емес. Дене тәрбиесі сабағы сыртта болатындықтан, қашықтық сақталады. Асханада біз барлық санитарлық нормалардың сақталуын талап етеміз, — деді Жылқыбаева арнайы брифингіде.
Сонымен қатар, ол мектеп балаларды бетпердемен қамтамасыз ететін-етпейтінін айтты:
— Баланы зарарсыздандыру құралымен (антисептик), бетпердемен қамтамасыз ету — ата -аналардың міндеті. Бірақ, егер ата-аналардың оған мүмкіндігі болмаған жағдайда, онда мектеп қамтамасыз ететін болады.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз