Маңғыстау облысындағы бірнеше мұнай компаниясының қызметкерлері еңбек жағдайларының қолайлылығын қайта қарастыруды талап етті, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілерде «Мұнай кенішінің жабдықтары мен сервисі» ЖШС, Жаңаөзендегі «Ақтау мұнай сервистік компаниясы» ЖШС және Маңғыстау облысындағы өзге де кен орындарының компанияларынан қызметкерлердің талаптары айтылған бейне-жазба жарияланды.
Бейне-жазбада жұмысшылар жалақының жоғарылауын және жұмыс орындарында тамақтану кешендерінің орнатылуын талап етті. Сонымен қатар жұмысшылар тәуелсіздік күні мен мұнайшы күніне орай сыйлықақы берілуін, сондай-ақ тұрақты жалақының төленуін сұрады.
Сонымен қатар, жұмысшылар көптеген қызметкерлердің ресми келісімшартқа отырмағанын мәлімдеді.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз