Алматы қаласында әйелді баласымен бірге мотоцикл мінуші қағып кеткен болатын, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«1962 жылы туған Г есімді DUKE BLACK мотоцикл жүргізушісі Сәтпаев көшесімен №4 ғимаратқа қарама-қарсы батыс бағытымен келе жатып Республика алаңында 2 жолаушыны қағып кетті. Ол 1976 жылы туған Н есімді жаяу жүргінші және қасында 2015 жылы туған М есімді кәмелет жасына толмаған жеткіншек баласы болған. Жол апаты салдарынан жарақат алған анасы мен баласы қалалық аурухананың реанимация бөліміне жатқызылды, ауыр жарақаттан әйел сол жерде көз жұмды. Сондай-ақ, мотоцикл жүргізушісі де жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Оқыс оқиға ҚР ҚК 345-бабы 3-тармағына сәйкес сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестрінде тіркелді. Тергеу жұмыстары басталды», — деді Алматы қалалық Полиция департаменті анықтау басқармасының басшысы Олжас Шәріпов.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз