Пәтерді жиһазбен жабдықтау қанша тұрады: көшіп келген ненкейін неден үнемдеуге болады?
Жаңа пәтердің кілтін алу – көшіп келуге байланысты ауқымды жұмыстың алғашқы қадамы ғана. Жөндеу аяқталғаннан кейін үй біртіндеп жиһаз бен тұрмыстық техникаға тола бастайды. Қыркүйектің соңы мен қазанның басында жаңа қоныс иелері үйлерін жабдықтауды аяқтап, күнделікті өмірге қажетті заттарды таңдайды. Бұл ретте бюджет тек сатып алынатын заттардың санына ғана емес, оларды қайдан іздейтініне де байланысты.
OLX Қазақстанның талдау қызметі платформадағы жиһаз бен тұрмыстық техниканың медианалық бағаларын тұрмыстық техника мен жиһаз сататын онлайн маркетплейстердегі баға мысалдарымен салыстырды. Зерттеуге тоңазытқыштар, теледидарлар, кондиционерлер, дивандар, креслолар, кереуеттер мен шкафтар енгізілді. Салыстыру нәтижесі платформадағы ұсыныстар дүкен бағасынан айтарлықтай қолжетімді болуы мүмкін екенін көрсетті. Дегенмен түпкілікті құн тауардың моделіне, сипаттамаларына және жағдайына байланысты.
Жиһаз: дивандар, креслолар, кереуеттер мен шкафтар
Пәтерді жабдықтау кезінде негізгі шығындардың бірі жиһазға жұмсалады. OLX платформасында диванның медианалық бағасы 130 000 теңгені құрайды. Салыстыру үшін, жиһаз дүкендерінде дивандардың бағасы 394 000 теңгеге дейін жетуі мүмкін. Осылайша, OLX платформасындағы ұсыныстардың медианалық бағасы көрсетілген дүкен бағасынан шамамен 67%-ға төмен.
Осындай баға айырмасы басқа санаттарда да байқалады. OLX платформасында креслоның медианалық бағасы 51 000 теңге болса, салыстыруға алынған дүкендегі бағасы 149 400 теңгені құрайды. OLX платформасында кереуетті 100 000 теңгеден бастап табуға болады, ал бөлшек саудадағы бағасы 273 400 теңге. Шкафтың OLX платформасындағы бағасы 99 000 теңге болса, дүкендегі құны 200 600 теңгені құрайды.
Бұл ретте дүкендердегі баға нақты модельге, өлшемге, материалға және жиынтыққа байланысты. Мысалы, диван мен кереуеттің өлшемдері мен жиналып-жазылу механизмдері айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін. Ал шкафтардың бағасына олардың биіктігі, бөлімдерінің саны мен есіктерінің түрі әсер етеді.
Тұрмыстық техника: тоңазытқыштар, теледидарлар мен кондиционерлер
Пәтерді жабдықтау кезінде сатып алушылар гигиеналық себептерге байланысты бұрын қолданылған жиһаз бен басқа да интерьер заттарын сатып алуға әрдайым дайын бола бермейді. Ал тұрмыстық техникаға келгенде көзқарас өзгеше болуы мүмкін. Тоңазытқыш, теледидар немесе кондиционер таңдағанда көпшілік ең алдымен құрылғының жағдайына, техникалық сипаттамалары мен бағасына мән береді. Хабарландыру платформаларында жаңа модельдерді де, бұрын қолданылған техниканы да табуға болады. Бұл ұсыныстарды салыстырып, бюджетке сай нұсқаны таңдауға мүмкіндік береді.

OLX платформасында тоңазытқыштың медианалық бағасы 100 000 теңгені құрайды. Ал салыстыру кестесінде бөлшек саудадағы бағасы 310 000 теңге деп көрсетілген.
Теледидарлар санатында да баға айырмасы айтарлықтай. OLX платформасында олардың медианалық бағасы 75 000 теңге болса, салыстыруға алынған дүкендегі бағасы 505 000 теңгені құрайды. Кондиционерлердің OLX платформасындағы медианалық бағасы 150 000 теңгеге жетеді, ал бөлшек саудадағы ұсыныс бағасы 234 500 теңгені құрайды. Бұл дүкен бағасынан шамамен 36%-ға төмен.
Тұрмыстық техниканы салыстырғанда нақты модельдің сипаттамаларын ескеру әсіресе маңызды. Атап айтқанда, теледидардың диагоналі мен ажыратымдылығына, тоңазытқыштың көлемі мен компрессор түріне, кондиционердің қуаты мен энергия тиімділігіне назар аударған жөн. Сонымен қатар дүкеннен сатып алынған тауарға әдетте кепілдік пен сервистік қызмет көрсету қарастырылады. Сондықтан таңдау жасамас бұрын бағаны ғана емес, құрылғының жиынтығын, жағдайын және ықтимал қосымша шығындарды да салыстыру қажет.
Көшіп келгеннен кейінгі шығындарды қалай жоспарлауға болады?
Үйді жабдықтау бір ғана зат сатып алумен шектелмейді. Көбіне бір мезгілде ұйықтайтын орын, зат сақтауға арналған жиһаз, асүй техникасы және үйде қолайлы микроклимат қалыптастыратын жабдықтар қажет болады. Мұндай жағдайда бағаларды салыстыру бюджетті алдын ала жоспарлап, қай санаттарға көбірек қаражат жұмсалатынын анықтауға көмектеседі.
Салыстыру нәтижесіне сәйкес, қарастырылған жеті санаттың барлығында OLX платформасындағы медианалық бағалар дүкендердегі көрсетілген бағалардан төмен. Ең үлкен айырмашылық теледидарлар, тоңазытқыштар мен дивандар санатында байқалады. Алайда салыстыру бірдей модельдердің бағасына емес, OLX платформасындағы ұсыныстардың медианалық бағалары мен бөлшек саудадағы жекелеген бағаларға негізделген.
Сондықтан сатып алар алдында тауардың сипаттамаларын, жағдайын, жеткізу және кепілдік шарттарын тексеру маңызды. Мұндай тәсіл ықтимал шығындарды бағалап, жаңа қоныс иелерінің қажеттіліктері мен бюджетіне сай келетін нұсқаны таңдауға көмектеседі.