Жарысқа жігермен, Түркістанға жеңілдікпен: FlyArystan спорттық туризмді қолдау аясында әуе билеттеріне 30% жеңілдік ұсынады

Жарысқа жігермен, Түркістанға жеңілдікпен: FlyArystan спорттық туризмді қолдау аясында әуе билеттеріне 30% жеңілдік ұсынады
Фото: FlyArystan

Қазақстандық FlyArystan әуекомпаниясы Turkistan Marathon 2026 қарсаңында жарысқа тіркелген қатысушыларға Алматы – Түркістан – Алматы және Астана – Түркістан – Астана бағыттары бойынша әуебилеттерге 30% жеңілдік ұсынады. 25 қазанда өтетін спорттық іс-шараны қолдау мақсатында әуекомпания марафон қатысушылары мен қонақтарына қолайлы жағдай жасау үшін қосымша рейстерді қосты.

Арнайы ұсыныс FlyArystan әуекомпаниясының «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорымен серіктестігі аясында қолданылады. Жеңілдік алу үшін қатысушылар марафонға тіркеліп, қатысу жарнасын төлеуі қажет. Осыдан кейін ұйымдастырушылар жеке промокод ұсынады. Ұсыныс шарттары туралы толық ақпаратпен осыған дейін жарияланған материалда танысуға болады.

Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін FlyArystan 24-26 қазан аралығында Түркістанға орындалатын рейстер санын да арттырды. Алматы мен Астанадан ұшатын қосымша рейстер қатысушыларға қалаға марафон қарсаңында келіп, жарыстан кейін қайту үшін қолайлы уақытты таңдауға мүмкіндік береді.

Марафонға әуекомпания қызметкерлері – FlyArystan Run Club корпоративтік қауымдастығының мүшелері де қатысады. Бұл қауымдастық жүгіруді ұнататын және белсенді өмір салтын ұстанатын әріптестерді біріктіреді.

FlyArystan Turkistan Marathon марафонына екінші жыл қатарынан қолдау көрсетіп, бұқаралық спортты дамытуға және Қазақстанның әртүрлі өңірлеріндегі тұрғындардың ірі спорттық іс-шараларға қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге үлес қосып келеді.

Промокодпен әуебилеттерді марафонға тіркелгеннен кейін тек FlyArystan әуекомпаниясының www.flyarystan.com ресми сайтында және мобильді қосымшасында рәсімдеуге болады. FlyArystan әуекомпаниясының стандартты тарифіне салмағы 7 кг-ға дейінгі (56 × 23 × 36 см) бір дана қол жүгі кіреді.