FlyArystan Кутаисиге орындалатын рейстерге науқан жариялайды
FlyArystan әуекомпаниясы Алматы, Астана, Атырау және Ақтаудан Кутаисиге орындалатын рейстерге арнайы тарифтер ұсынады.
Ұсыныс аясында әуебилеттердің құны бір бағытқа 29 000 теңгеден басталады. Арнайы тарифтер бойынша билеттерді 2026 жылғы 10-13 қыркүйек аралығында, ұшу мерзімі 2026 жылғы 1 қараша мен 2027 жылғы 1 наурыз аралығындағы рейстерге брондауға болады. Бұл ретте 2026 жылғы 25 желтоқсаннан 2027 жылғы 5 қаңтарға дейінгі кезең ұсынысқа кірмейді.
Акция аясындағы әуебилеттердің бір бағытқа құны:
— Атырау – Кутаиси – Атырау және Ақтау – Кутаиси – Ақтау рейстеріне 29 000 теңгеден;
— Алматы – Кутаиси – Алматы және Астана – Кутаиси – Астана рейстеріне 39 000 теңгеден басталады.
Кутаиси – Грузиядағы танымал туристік бағыттардың бірі. Бұл елдің ең көне қалаларының бірі әрі Имеретия өңірінің мәдени орталығы. Риони өзенінің жағасында орналасқан қала туристерді тарихи көрікті жерлерімен, әсем табиғатымен және көне Грузияның ерекше атмосферасымен қызықтырады. Мұнда Баграт ғибадатханасы мен Гелати монастыріне барып, тарихи орталықты аралап, ұлттық тағамдардан дәм татуға, сондай-ақ Прометей үңгіріне немесе Окаце шатқалын көруге болады.
Арнайы тарифтер бойынша билеттер саны шектеулі. Билеттер FlyArystan әуекомпаниясының ресми сайтында және мобильді қосымшасында қолжетімді. FlyArystan әуекомпаниясының стандартты тарифіне салмағы 7 келіге дейін және өлшемдері 56 × 23 × 36 см-ден аспайтын бір дана қол жүгі кіреді.