FlyArystan Ақтаудан халықаралық бағыттар желісін кеңейтуде: Ыстамбұлға рейстер қайта жанданады

FlyArystan Ақтаудан халықаралық бағыттар желісін кеңейтуде: Ыстамбұлға рейстер қайта жанданады
Фото: FlyArystan

FlyArystan әуекомпаниясы Ақтау – Ыстамбұл бағыты бойынша тікелей әуе қатынасын қайта жандандырады. Ақтаудан алғашқы рейс 2026 жылғы 22 қазанда орындалады. 27 қазаннан бастап рейстер тұрақты негізде аптасына екі рет – сейсенбі және сенбі күндері орындалады.

Фото: FlyArystan
Фото: FlyArystan

Сейсенбі күндері рейс Ақтаудан сағат 08:40-та ұшып, Ыстамбұлға сағат 10:35-те келеді. Кері рейс Ыстамбұлдан сағат 11:40-та ұшып, Ақтауға сағат 17:05-те қонады. Сенбі күндері рейс Ақтаудан сағат 08:35-те ұшып, Ыстамбұлға сағат 10:30-да келеді. Кері рейс Ыстамбұлдан сағат 11:15-те ұшып, Ақтауға жергілікті уақыт бойынша сағат 16:40-та қонады.

Ыстамбұлға рейстердің қайта жандануы FlyArystan әуекомпаниясының Ақтаудан халықаралық әуе қатынасын дамытудағы кезекті қадамы болмақ. Бұған дейін әуекомпания Ақтау – Ереван – Ақтау бағыты бойынша тікелей рейстердің қайта жанданатынын хабарлаған болатын. Армения астанасына рейстер 2026 жылғы 16 желтоқсаннан бастап аптасына екі рет – сәрсенбі және жұма күндері орындалады.

Қазіргі уақытта FlyArystan әуекомпаниясының Ақтаудан ұшатын халықаралық бағыттар желісіне Кутаиси, Баку, Дубай, Батуми және Үрімші кіреді. Ыстамбұл мен Ереванға рейстердің қайта жандануымен жолаушыларға шетелге тікелей сапарлауға қосымша мүмкіндіктер ұсынылады.

Билеттерді FlyArystan әуекомпаниясының ресми сайтынан және мобильді қосымшасынан сатып алуға болады. FlyArystan әуекомпаниясының стандартты тарифіне салмағы 7 келіге дейін және өлшемдері 56 × 23 × 36 см-ден аспайтын бір дана қол жүгі кіреді.