FlyArystan Turkistan Marathon 2026 қарсаңында рейстер санын арттырады

FlyArystan Turkistan Marathon 2026 қарсаңында рейстер санын арттырады

Қазақстандық FlyArystan әуекомпаниясы 2026 жылғы 25 қазанда өтетін Turkistan Marathon жарысына байланысты Түркістанға рейстер санын арттырады. 24-26 қазан аралығында әуекомпания Алматы – Түркістан – Алматы және Астана – Түркістан – Астана бағыттары бойынша қосымша рейстер орындайды.

Қосымша рейстердің кестесі:

– 24 қазан, Алматы – Түркістан – Алматы: Алматыдан ұшу уақыты – 05:15, Түркістаннан кері ұшу уақыты – 07:15;
– 24 қазан, Астана – Түркістан – Астана: Астанадан ұшу уақыты – 05:35, Түркістаннан кері ұшу уақыты – 07:50;
– 25 қазан, Алматы – Түркістан – Алматы: Алматыдан ұшу уақыты – 18:15, Түркістаннан кері ұшу уақыты – 20:25;
– 26 қазан, Алматы – Түркістан – Алматы: Алматыдан ұшу уақыты – 15:20, Түркістаннан кері ұшу уақыты – 17:30.

24-26 қазан аралығындағы қосымша рейстер қатысушыларға сапарларын ыңғайлы жоспарлауға мүмкіндік береді. 24 қазанда Алматы мен Астанадан орындалатын таңғы рейстер марафонға қатысушылардың Түркістанға жарыс қарсаңында келіп, стартқа алдын ала дайындалуына жағдай жасайды. Ал 25 және 26 қазандағы рейстер іс-шарадан кейін қайту үшін қолайлы уақытты таңдауға мүмкіндігін кеңейтеді.

FlyArystan Turkistan Marathon жарысына екінші жыл қатарынан қолдау көрсетіп келеді. 2025 жылы әуекомпания 20-дан астам елден келген 3 000 жүгірушінің басын қосқан іс-шараның әуе серіктесі болды.

Биыл FlyArystan «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорымен ынтымақтастығын жалғастыруда. Серіктестік аясында қор ұйымдастыратын жүгіру жарыстарына қатысушылар жарыс өтетін қалаларға ұшуға арналарнайы шарттарды пайдалана алады.

Жарысқа тіркелген қатысушыларға FlyArystan әуекомпаниясының Қазақстан ішіндегі бағыттарына әуебилеттерін 30% жеңілдікпен сатып алуға мүмкіндік беретін дербестендірілген промокод беріледі. Промокод қор ұйымдастыратын барлық жарыстардың қатысушыларына, соның ішінде алдағы Turkistan Marathon және Almaty Marathon қатысушыларына да қолданылады. Промокодты ұйымдастырушылар жарысқа тіркеліп, қатысу жарнасын төлегеннен кейін қатысушыға ұсынады. Шарттар туралы толық ақпарат алдыңғы материалда қолжетімді.

Промокодты марафонға тіркелгеннен кейін FlyArystan әуекомпаниясының ресми www.flyarystan.com сайтында және FlyArystan мобильді қосымшасында рәсімдеу кезінде пайдалануға болады. FlyArystan әуекомпаниясының стандартты тарифіне өлшемі 56 × 23 × 36 см-ден аспайтын, салмағы 7 келіге дейінгі бір дана қолжүгі кіреді.