FlyArystan Almaty Marathon қатысушыларының әуебилеттеріне 30% жеңілдік ұсынады

FlyArystan Almaty Marathon қатысушыларының әуебилеттеріне 30% жеңілдік ұсынады

FlyArystan әуекомпаниясы «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорымен серіктестігін жалғастырып, 2026 жылғы 27 қыркүйекте өтетін Almaty Marathon жүгіруінің серіктесі ретінде тағы да қолдау көрсетеді. Серіктестік аясында марафонға қатысушылар арнайы промокод арқылы FlyArystan әуебилеттерін 30% жеңілдікпен рәсімдей алады.

Йохан Эйдхаген, «FlyArystan» АҚ Президенті және бас атқарушы директоры: 

«FlyArystan Almaty Marathon-ның серіктесі ретінде екінші жыл қатарынан қолдау көрсетіп келеді. Бұған дейін біз Алматы, Астана және Түркістан қалаларындағы өткен жүгіру жарыстарына қолдау көрсеттік. Бұл әріптестік компаниямыз ұстанатын құндылықтарды айқын көрсетеді. Әуекомпаниясында жүгірумен айналысатын қызметкерлердің өз қауымдастығы қалыптасты: олар марафондар мен басқа да спорттық іс-шараларға тұрақты қатысып, бір-бірін белсенді өмір салтын ұстануға шабыттандырады. Біз спорт адамдарды біріктіріп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, өмірде де, саяхатта да алға ұмтылуға жігер береді деп сенеміз». 

Промокод марафонға ресми тіркелген қатысушыларға ғана беріледі. Билеттерді www.flyarystan.com ресми сайтынан немесе FlyArystan мобильді қосымшасы арқылы сатып алуға болады. Ұсыныс науқан талаптарына сәйкес Алматы қаласына және кері бағыттағы рейстерге қолданылады. 

Жекелендірілген промокодтар Алматы марафонының ұйымдастырушылары тіркеуді сәтті аяқтап, қатысу жарнасын төлегеннен кейін қатысушыларға ұсынады.

Салтанат Қазыбаева, «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының атқарушы директоры:

«Биыл Almaty Marathon өзінің 15 жылдық мерейтойын атап өтеді. Осы уақыт ішінде бұл шара өңірдегі ең ірі жүгіру жарыстарының біріне айналып, Қазақстанның түрлі қалалары мен басқа елдерден келген мыңдаған қатысушыны біріктірді. Көпшілік үшін марафонға дайындық жарыс күніне дейін басталып, оған сапарды жоспарлау мен Алматыға ұшуды да қамтиды. FlyArystan-мен серіктестік қатысушыларға бұл сапарды барынша ыңғайлы ұйымдастыруға және мерейтойлық Almaty Marathon-ға алдын ала дайындалуға мүмкіндік береді».

Промокод тек FlyArystan әуекомпаниясының Қазақстан ішіндегі тікелей және транзиттік рейстеріне жарамды. Жеңілдік марафон өтетін күннен екі күн бұрын және екі күн кейінгі рейстерге қолданылады. Науқан бір бағыттағы және барып-қайту билеттеріне де қатысты.

Промокодты қалай пайдалануға болады?

Промокодты енгізу өрісі брондау рәсімінің соңғы кезеңінде, төлем жасау алдында пайда болады. Промокодты енгізгеннен кейін «ОК» батырмасын басу қажет, әрі қарай жеңілдік әуебилетінің құнына автоматты түрде қолданылады.

Промокодты пайдалану шарттары:

– Промокод бір реттік қолжануға жарамды; 

– Бір ғана брондауға қолданылады; 

– Бір ересек жолаушыға (18+) арналған; 

– Басқа науқан немесе промокодтармен бірге қолданылмайды; 

– Жеңілдік тек негізгі тарифке қолданылады, оған әуежайлық, сервистік алымдар мен қосымша қызметтердің құны кірмейді. 

FlyArystan әуекомпаниясы промокодты тек бір рет пайдалануға болатындықтан, барып-қайту билеттерін бір брондау арқылы рәсімдеуді ұсынады. Егер билеттер бөлек сатып алынса, промокодты екінші брондауға қолдану мүмкін болмайды.

FlyArystan-ның стандартты тарифіне салмағы 7 кг-ға дейінгі және өлшемі 56 × 23 × 36 см болатын бір дана қол жүгі кіреді. Қосымша қызметтерді алдын ала, яғни, билетті брондау кезінде рәсімдеген жолаушылар 70%-ға дейін үнемдей алады.

Қатысушыларға арналған арнайы ұсыныстан бөлек, FlyArystan марафон аумағында өзінің интерактивті аймағын ұйымдастырады. Онда іс-шара қонақтарын түрлі ойын-сауық белсенділіктері, жүлделер ұтысы және брендтік кәдесыйлар күтеді.