«Қазақстан құрылысшылар одағы» 2024 жылғы 7 қарашада INTERLIGHT CENTRAL ASIA + Smart Sec & Building көрмесінде энерготиімділік және инновациялық жарықтандыру шешімдеріне арналған панельдік сессиняы сәтті ұйымдастырды. Іс-шара Астанадағы МВЦ Expo орталығында, 12:30-дан 14:30-ға дейін өтті.
Сессияны Елнар Базыкен, «НИПИ Астанагенплан» ЖШС бас директорының орынбасары ашып, жарықтандырудың қала ортасын тартымды әрі қауіпсіз ету үшін маңыздылығын атап өтті.
«Ең бастысы – қаламызда көру ыңғайлылығын жасау. Біз түнгі атмосфераны жағымды, жылы жарықпен қолдауға тырысамыз. Үйлерді артық жарықтандырмау маңызды. Әрине, жарық көп болған жерде қауіпсіздік болады, бірақ табиғаттың биоритмдерін және адамдардың қажеттіліктерін ескере отырып, жұмсақ жарықпен қала көркін жақсартуға назар аудару қажет. Қазір қаладағы әртүрлі жарықтандырудың құстар мен басқа да жануарлар үшін қолайсыз екендігі туралы көптеген зерттеулер жүргізілуде. Астана қаласы жалпы дұрыс дамып келеді, бірақ суық жарықтан аулақ болу қажет», – деп пікір білдірді спикер.
Панельдік сессияның модераторы Абзал Саманов, «Нуржер» компаниясының негізін қалаушы және «Қазақстан құрылысшылар одағының» серіктесі, сөз сөйледі.
«Бүгінгі шарадан саламыз қай бағытта дамып жатқанын көруге болады. Бұрын нарық тек квадрат метрлер туралы ойласа, қазір бизнес пен мемлекет тұрғын үй мен ортаға жайлы жағдай жасауға бағытталуда. Қазіргі таңда сала өкілдері мен жайлы жарықтандыру саласындағы мамандар көбінесе Одақта топтасқан және біз осы бағытта жұмыс істей беретінімізге сенімдімін. Бүгінгі спикерлердің айтқан мәліметтері тек қаламызға ғана емес, бүкіл елге пайдалы екені сөзсіз», – деді модератор.
Іс-шараға қатысқан спикерлер арасында жарықтандыру технологиялары саласындағы жетекші мамандар мен «Қазақстан құрылысшылар одағының» серіктестері: QR Systems, the nable, LEOLED, Voltage KZ, LAMPER, GQ-Contract және GQ-System компаниялары болды.
Панельдік сессияның негізгі қорытындылары:
RGB жарықтандыруы: Эксперттер архитектуралық нысандар үшін түрлі-түсті RGB жарықтандыруды қолдануға кеңес бермейді. Себебі ол көрініс шуын тудырып, тұрғындар мен жүргізушілерді алаңдатады, сондай-ақ түрлі түстер мен эффектілерді қолдау үшін энергия тұтынуды арттырады. RGB жарықтандыру көзге ыңғайсыздық туғызып, көру қабілетіне теріс әсер етуі мүмкін, сонымен қатар техникалық ақауларға ұшырауы мүмкін, бұл жарықтандырудың тұрақсыз әрі болжамсыз болуына әкеледі.
Архитектуралық жарықтандыру стандарттарының қажеттілігі:
Астана мен Қазақстан қалаларына архитектуралық жарықтандыру үшін стандарттар қажет. Бұл қаладағы бірегей және таныс визуалды стильді жасауға көмектеседі. Мұндай тәсіл қала көркін жақсартумен қатар, энерготиімді және экологиялық шешімдер үшін негіз қалауға мүмкіндік береді. Стандарттарға сәйкес жұмыс істеу, сонымен қатар, қалалық инфрақұрылымның тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Көшелердің жарықтандыруына көңіл бөлу:
Көшелердің жарықтандыруына құрылысшылар мен мемлекеттік органдар тарапынан ерекше назар аударылуы тиіс, өйткені ол қала келбетіне ғана емес, тұрғындардың әл-ауқаты мен табиғатқа да әсер етеді. Жарықтандыруда «ақылды» шешімдер енгізіп, табиғи ресурстарды үнемді пайдалану қажет. Пайдаланылатын ресурстарды ескеру мен оңтайландыру экологиялық баланс сақтауға және энергия ресурстарының тиімді пайдаланылуына ықпал етеді.
«Қазақстан құрылысшылар одағы» 1 500-ден астам компанияны біріктіріп, заңгерлік қолдау көрсетіп, бизнес алға жылжуына ықпал етеді. Одақ құрылыс саласының жағдайын жақсартуға белсенді қатысып, тәжірибе алмасуға арналған іс-шаралар ұйымдастырып, қатысушылардың жаңалықтары мен жетістіктерін жариялау алаңын ұсынады.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз