Апта басында ұлттық валюта тағы нығайды

Апта басында ұлттық валюта тағы нығайды

Қазақстан қор биржасында (KASE) 14 желтоқсандағы күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 418,99 теңгені құрады, деп хабарлайды Qazaqpress KASE-ге сілтеме жасап.

11 желтоқсан кешімен салыстырғанда шетелдік валюта бағамы 0,07 теңгеге төмендеген.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар 418,66 теңгеден сатылса, Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау орындарында доллар 418,64 теңгеден сатылып жатыр.