Jusan Garant Al Habtoor Motors компаниясына осы жылдың сәуір айында БАӘ-ге қатты жауған нөсер жаңбырдың салдарынан мүлікке келтірілген шығын үшін 500 мың АҚШ долларын төледі. Бір тәулік ішінде Дубайда бір жарым жылдық жауын – шашын мөлшері — 142 мм-дей түсті. Әуежайдағы ұшу-қону жолағын, дүкендер мен сауда орталықтарын, тұрақта тұрған көліктерді су астында қалдырды, метро станцияларының бірі су астында қалды.
Al Habtoor Motors – БАӘ-дегі Mitsubishi, FUSO, JAC, Bentley, Bugatti, Pagani және Rimac сияқты жетекші әлемдік автомобиль брендтерінің жетекші дистрибьюторларының бірі. Компания елге жыл сайын 60 мыңнан астам автокөлік импорттайды.
Су тасқыны кезінде Mitsubishi қызмет көрсету орталығы мен беделді автомобильдер бөлімі ең көп шығынға ұшырады. Ашық қоймаларда су бір метрге дейін көтеріліп, 10 500 жаңа көлікті су басты. Әлемдегі ең үлкен Bentley шоурумы да зардап шекті — компания бұршақтан қорқып, элиталық көліктерді ашық алаңнан жертөлеге көшірді, сол жерде оларды су басты. Джебель-Али портындағы қоймадағы дистрибьютордың көліктері де су астында қалды.
Автодилердің мүлкі сақтандырылған болатын, қайта сақтандыру шарты бойынша тәуекелдердің бір бөлігін Jusan Garant өз мойнына алды. Залал бағаланғаннан кейін сақтандыру компаниясының жалпы шығындағы үлесі 500 мың АҚШ долларын немесе 236,2 млн теңгені құрады.
«Бұл төлем халықаралық нарыққа қазақстандық сақтандыру компанияларының БАӘ — дегі сияқты ірі сақтандыру жағдайлары бойынша да тұрақты, төлем қабілетті және олар бойынша алған міндеттемелерін орындай отырып, халықаралық тәуекелдерді қабылдауға дайын екендігін көрсетеді», — дейді «Jusan Garant» СК Басқарма төрағасының орынбасары Шыңғыс Әміржанов.
2023 жылы компания шетелдік және қазақстандық нарықтардағы қайта сақтандыру шарттары бойынша 6,8 млрд. теңге көлемінде залалды өтеді. Jusan Garant бүкіл әлем бойынша – Солтүстік және Оңтүстік Америка, Африка, Еуропа, Азия, Австралия елдерімен сақтандыру және қайта сақтандыру компанияларымен ынтымақтастық қызмет етеді.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз