Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Технология

Digital Almaty-2024 рекорды: цифрлық форумға 30 мыңнан аса адам қатысты

admin by admin
17 февраля, 2024
Digital Almaty-2024 рекорды: цифрлық форумға 30 мыңнан аса адам қатысты

“Digital Almaty-2024” шарасы қорытындыланды. Халықаралық цифрлық форумға үш күн ішінде 30 мыңнан аса қатысушы келді. Іс-шараның негізгі тақырыбы «Х индустриясы: Болашақтың цифрлық эволюциясы» болды.

Байланысты

Назарда – цифрландыру, Aitu және венчурлік инвестициялар. Алматыда IT және креативті экономиканың болашағы талқыланды

Астанада 10G жылдамдықты интернетін сынақтан өткізу бойынша пилоттық жоба басталды

Beeline және Huawei: Алматыда мобильді байланысты жеделдеткен серіктестік — жылдамдық 40%-дан астам өсті

Форум аясында Қазақстан, Беларусь, Ресей және Өзбекстан Үкімет басшыларының қатысуымен ЕАЭО пленарлық отырысы өтті. 47 панельдік сессия өткізілді. Іскерлік бағдарламаға барлығы 300-ге жуық спикер қатысты.

“Digital Almaty-2024” алаңдарында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин басқа мемлекеттер тарапынан еліміздің цифрлық шешімдеріне айтарлықтай қызығушылық болғанын айтты. Бұған шет елдерден 70-ке жуық сарапшының, оның ішінде бірқатар мемлекеттің цифрландыру министрлері келіп, панельдік пікірталастарға қатысуы дәлел.

«Қазақстан Республикасы электронды үкімет бойынша әлемде 28-орынды, ал онлайн сервистер бойынша 8-орынды алады. Бұған  басқа ел өкілдерінің біздің қандай әрекет ететінімізді, мемлекет пен бизнес арасындағы және мемлекет пен азаматтарымыз арасындағы ортаны жақсарту үшін қандай жаңа шешімдер қабылдайтынымызды білу үшін IT-форумдарға келуі дәлел», — деді Бағдат Мусин.

Цифрлық даму министрлігінің басшысы Қазақстан онлайн қызметтерді дамытуда әлем бойынша 8-орында тұрғанын атап өтті. 2023 жылдың қорытындысы бойынша онлайн режимінде 50 млн қызмет көрсетілді, азаматтар қызметтің 92% — ын үйден шықпай алған. Бүгінде Үкімет алдында цифрлық технологияларды өнеркәсіп саласына енгізу міндеті тұр.

Қорғаныс, Денсаулық сақтау, Ғылым және жоғары білім, сондай-ақ Еңбек және әлеуметтік қорғаувице-министрлері мемлекеттік сектордағы қызметтерді автоматтандыру жетістіктерін бөлісті. Бүгінде қазақстандықтардың үйден шықпай-ақ ЖОО-ға құжат тапсыруға, білім алу себебінен армияны кейінге қалдыруға, жұмысқа орналасуға, емханаға жазылуға, жылжымайтын мүлікті тіркеуге, цифрлық ипотека ресімдеуге және т.б. мүмкіндігі бар.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Іс-шара қонақтарына арналған пікірталас алаңдарымен қатар 230-ға жуық отандық және халықаралық IT-компаниялардың, сондай-ақ цифрландыру бойынша жетекші халықаралық сарапшылардың цифрлық жобалары ұсынылған көрме жұмыс істейді. Freedom Bank, Yandex, KCell, Tele2 сияқты тәжірибелі компаниялармен қатар өз жобаларын Sergek, Target Ai, Awara, Med365, IKOD, DATANOMIX, «Интеллект Сервис», Documentolog, Robotics Education, Alabs, BTS Digital, Axellero, artson Build Invest және т.б. ұсынды.

“Digital Almaty-2024” алаңы серіктестікті алға қою және цифрландыру саласында тәжірибе алмасу үшін зор мүмкіндік болды. Мұнда B2B форматында 60-қа жуық кездесу және жер қойнауын пайдаланушылар мен стартаптар арасында 50-ден астам питчинг өтті.

Форумның үш күнінде бары 30-ға жуық меморандумға қол қойылды. Freedom Holding Corp. Халықаралық Аралды құтқару қорының атқарушы дирекциясымен меморандумға қол қойды. Форум барысында Тимур Турлов «Арал теңізін қолдауға арналған Эко-карта» жобасын ұсынды. Жобаныңнегізгі идеясы — жойылып бара жатқан теңізді құтқару қорына 10 пайыздық кэшбек аударып отыру.

Форумның соңғы күні “Digital Almaty-2024” алаңында жалпы жүлде қоры $180 000 болатын ең ауқымды Industry 4.0 Startup Battle өтті. Финалға 200 өтінім ішінен 30 стартап өтті. Олар баттл серіктестерінің жүлделі марапаттары үшін бақ сынасты. Үздік жобаларды мемлекеттік органдар, венчурлік инвесторлар, трекерлер, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылар (KazPetrol, Kusto Group, KazMinerals, Karachaganak Petroleum) арасынан кәсіби мамандар таңдап, қазылық етті.

Үздік өнеркәсіптік стартаптар аталымын иеленген жеңімпаздар:

THE BEST ESG STARTUP – KazagroTech;

THE BEST DIGITAL OIL FIELD STARTUP – NeuronOil;

THE BEST SMART MINING STARTUP – ASPANS;

THE MOST INVESTABLE STARTUP – Wes;

GVA’S FAVORITE STARTUP – Dereknet;

  1. R. I. S. by A-business компаниялары 10 млн теңгеге Vk Cloud грантын табыстады. Equipmetry, SmartView, iMedHub Forus стартаптары Yandex Cloud пайдалану үшін 20 мың доллар грант ұтып алды.

5 стартап Skolkovo Startup Village 2024 конференциясы аясында көрмеге қатысуға сертификаттар алды. Олар: AIMI, InPro-Tech, Ikem Technologies, KIT Drone, «Гидропонды биологиялық жем» стартаптары.

Ал AIMI, OST engineering, Dereknet, Wes стартаптары АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтетін MINEXPO-ға жолдама алды.

Айта кетейік, форум көпшілік пен журналистердің аса қызығушылығын тудырды. Форум жайлы үш күнде БАҚ-та 750-ге жуық материал жарияланды. Әлеуметтік желілерде “Digital Almaty-2024” форумына қатысты 2000-ға жуық жазба (post&reels) жарияланып, форумға сілтеме жасалды.

Бас серіктес: Freedom Bank

Алтын серіктес: CITIX

Бас медиа серіктестер: 24kz, QMMETA

Медиа серіктестер: Qazaqstan, Хабар, zakon.kz, Ulysmedia.kz, Қазақстан ақиқаты, НҰР-Медиа, BES.медиа, Курсив, Bizmedia.kz, іскер Қазақстан, Халық дауысы, Astana TV, Almaty.tv, Azattyq Rýhy, AIQYN, ЛИТЕР, Алматы-ақшамы, Кешкі Алматы, Turkistan, Qazaq Press, Orda FM, Radio NS, Optimism.kz, ER10.KZ, WE Project, City 24, the TECH, Profit.kz, Stan.kz, Bluescreen.kz, Bugin. kz, prodengi.kz, Almaty it Comminuty Club

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Өлім аузында: жетінші аурухана дәрігерлері аса ауыр халде жеткізілген келіншектің өмірін сақтап қалды

Келесі жаңалық

Президент Үкіметті отставкаға жіберді

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Назарда – цифрландыру, Aitu және венчурлік инвестициялар. Алматыда IT және креативті экономиканың болашағы талқыланды
Басты

Назарда – цифрландыру, Aitu және венчурлік инвестициялар. Алматыда IT және креативті экономиканың болашағы талқыланды

28 августа, 2025
Астанада 10G жылдамдықты интернетін сынақтан өткізу бойынша пилоттық жоба басталды
Технология

Астанада 10G жылдамдықты интернетін сынақтан өткізу бойынша пилоттық жоба басталды

19 августа, 2025
Beeline және Huawei: Алматыда мобильді байланысты жеделдеткен серіктестік — жылдамдық 40%-дан астам өсті
Технология

Beeline және Huawei: Алматыда мобильді байланысты жеделдеткен серіктестік — жылдамдық 40%-дан астам өсті

22 июля, 2025
«Касперский Зертханасы» eSIM нарығына шығып, Kaspersky eSIM Store сервисін іске қосты
Технология

«Касперский Зертханасы» eSIM нарығына шығып, Kaspersky eSIM Store сервисін іске қосты

17 июня, 2025
VK Cloud Қазақстанда машиналық оқыту платформасын іске қосады
Технология

VK Cloud Қазақстанда машиналық оқыту платформасын іске қосады

29 мая, 2025
Huawei Partners Conference 2025: Қазақстандағы цифрландыру мен өсудің жаңа көкжиектері
Технология

Huawei Partners Conference 2025: Қазақстандағы цифрландыру мен өсудің жаңа көкжиектері

28 апреля, 2025
Келесі жаңалық
Президент Үкіметті отставкаға жіберді

Президент Үкіметті отставкаға жіберді

Қазақстан Үкіметін уақытша Роман Скляр басқарады

Қазақстан Үкіметін уақытша Роман Скляр басқарады

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Мысыр Қазақстанмен визасыз режим енгізуге мүдделі

Мысыр Қазақстанмен визасыз режим енгізуге мүдделі

26 мая, 2023
Камиль Ақатов Ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметіне тағайындалды

Камиль Ақатов Ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметіне тағайындалды

2 сентября, 2022
Алматы әкімдігі тұрғындарға ескерту жасады

Алматы әкімдігі тұрғындарға ескерту жасады

13 января, 2023

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • AOО онкологы — бауыр обырының қауіптері мен алдын алу туралы талқылайды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Jack port Off Sites — Avoiding Jerks With Sex Webcam Girls

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Freedom Media «Сёгун» сериалының қазақ тіліндегі алғашқы ресми дубляжын ұсынды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Тазабек Астанада «Қайрат» – «Брюгге» матчында жанкүйерлерді таңғалдырды
  • Алматыда алғаш рет қозғалыс бұзылыстары бар жасөспірімнің миын терең ынталандыру жүргізілді
  • Huawei мен Beeline Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.