Шымкентте құбырдағы апат салдарынан 1500 үй газсыз отыр

Шымкентте құбырдағы апат салдарынан 1500 үй газсыз отыр
2024 жылғы 3 ақпанда сағат 21:45-те Шымкенттегі Мәртөбе елді мекенінде Ду-325 мм жоғары қысымды газ құбырынан табиғи газдың шығыны анықталды, деп хабарлайды Qazaqpress Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Шымкент әкімдігінің хабарлауынша, апат салдарынан 1500 жеке газ тұтынушы мен 7 өндірістік кәсіпорынға уақытша газ беру тоқтатылды.

Әкімдік қазіргі таңда қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін арнайы техникалар мен 30 қол күші жұмылдырылып, жұмыс қарқынды түрде жүргізіліп жатқанын хабарлады.

— Қайта қосу жұмыстары қосымша хабарланады. Сіздерден газ крандарының жабық болуын қадағалауларыңызды сұраймыз. Газдың иісі байқалған жағдайда 104 апаттық қызметіне хабарласыңыздар!, — деді Шымкент әкімдігі.