Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Денсаулық

Өлім аузында: жетінші аурухана дәрігерлері аса ауыр халде жеткізілген келіншектің өмірін сақтап қалды

admin by admin
6 февраля, 2024
Өлім аузында: жетінші аурухана дәрігерлері аса ауыр халде жеткізілген келіншектің өмірін сақтап қалды

37 жастағы келіншек Алматыдағы №7 Қалалық клиникалық ауруханаға іріңді перитонитпен жеткізілген, деп хабарлайды аурухана баспасөз қызметі.

Байланысты

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: ЦЕРЕБРАЛЬДЫ САЛ АУРУЫ ЖӘНЕ БАСҚА ДА АУРУЛАРЫ БАР ПАЦИЕНТТЕР МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ТОЛЫҚ КӨЛЕМІН АЛУДЫ ЖАЛҒАСТЫРАДЫ

Алматы Қалалық кардиологиялық орталығы жүрек трансплантациясын жүргізуге уәкілетті орталықтар тізіміне енгізілді

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында биылғы жылы үшінші жүрек трансплантациясы сәтті жасалды

Өзінің айтуынша, іші ауырып, жүрегі айныған, тәулігіне 2-3 ретке дейін құсқан, әлсіреп, қызуы көтерілген, іші өткен. Аурухананың қабылдау бөлімінде жүргізілген тексерулер нәтижесінде қанда қауіпті клиникалық өзгерістер бары анықталды. Жамбас қуысы мен іш құрылыстағы іріңді процесс салдарынан пациент ағзасы уланып, ауыр халге жеткен.

Кезекші хирург Фараби Стамқұлов жалпы хирургия ғана емес, гинекология саласындағы кәсіби білімнің арқасында емдеу тактикасын дұрыс таңдап, науқасты бірден әйелдер дәрігеріне жолдады.

«Жанын қинаған аурудан арылтуды ғана емес, репродуктивті органдарын сақтап қалуды өтінген пациенттің жағдайы жанымызды ауыртты. Науқас аса ауыр халде еді. Оның үстіне, соңғы 7 күн бойы өзін-өзі емдеумен айналысып, ауруханаға кеш келгенін ескере отырып консервативті терапияның нәтиже бермесін түсіндік. Сондықтан хирургиялық жолмен емдеу қажет деген шешім қабылданды», — дейді ота жасаушы гинеколог – хирург Жібек Жаналиева.

Дәрігерлер лапаротомиялық операция жасап, перитонит салдарынан ағзасы улаған келіншекті ажалдан арашалап қалды. Операция МӘМС пакеті шеңберінде жасалды. Естеріңізге сала кетсек, 2020 жылдан бері жоспарлы медициналық көмек қана емес, сақтандырылған тұрғындарға көрсетілетін шұғыл медициналық көмек те МӘМС арқылы қаржыландырылып келеді.

«Өкінішке орай, әйелдің репродуктивтік ағзаларын сақтап қалу мүмкін болмады. Өйткені, жатыр түтікшесінен 150-200 млр сұйықтық алынды, жақын маңдағы органдар іріңді фибриндермен бүлінген. Сондықтан инфекция ошағын – жатырдың екі түтікшесін де алып тастау туралы шешім қабылдадық. Операция барысында бауырдың астында ерекше орналасқан аппендикс өскінін табу да оңайға соққан жоқ. Оның үстіне, 3-4-ші деңгейлі семіздік пен бұрын-соңды іш қуысына жасалған операциялардан пайда болған жабысу процесі жағдайды қиындата түсті», — дейді Жібек Жаналиева.

Отадан кейін науқас салалық бөлімшеге ауыстырылды. Ағзаның уланғанына, операцияның күрделі болғанына қарамастан пациент бірінші күні-ақ есін жиып, жағдайы жақсара бастады, ал отадан кейін жеті күн өткенде ауруханадан шықты.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Пациент пен оның туыстарының аурухана дәрігерлеріне алғысы шексіз.

«Әпкемнің өмірін сақтап қалған 7-ші аурухана дәрігерлеріне айтар алғысым шексіз. Шұғыл көмекпен қатар психологиялық қолдау көрсеткен қабылдау бөлімшесі меңгерушісі Асылбек Ұлсерікұлына, гинеколог – хирург Жібек Рысбекқызына, гинекология бөлімшесі меңгерушісі Сәулеш Мұқтарқызына алғысымыз шексіз. Қиын сәтте ауыр халде жатқан науқасқа аурухана қызметкерлерінің  білікті көмек көрсеткені ерекше қуантты. Көп рақмет!», — дейді оның туысы Ирина Горбачева.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Шымкентте құбырдағы апат салдарынан 1500 үй газсыз отыр

Келесі жаңалық

Digital Almaty-2024 рекорды: цифрлық форумға 30 мыңнан аса адам қатысты

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: ЦЕРЕБРАЛЬДЫ САЛ АУРУЫ ЖӘНЕ БАСҚА ДА АУРУЛАРЫ БАР ПАЦИЕНТТЕР МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ТОЛЫҚ КӨЛЕМІН АЛУДЫ ЖАЛҒАСТЫРАДЫ
Денсаулық

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: ЦЕРЕБРАЛЬДЫ САЛ АУРУЫ ЖӘНЕ БАСҚА ДА АУРУЛАРЫ БАР ПАЦИЕНТТЕР МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ТОЛЫҚ КӨЛЕМІН АЛУДЫ ЖАЛҒАСТЫРАДЫ

10 ноября, 2025
Алматы Қалалық кардиологиялық орталығы жүрек трансплантациясын жүргізуге уәкілетті орталықтар тізіміне енгізілді
Денсаулық

Алматы Қалалық кардиологиялық орталығы жүрек трансплантациясын жүргізуге уәкілетті орталықтар тізіміне енгізілді

4 ноября, 2025
Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында биылғы жылы үшінші жүрек трансплантациясы сәтті жасалды
Денсаулық

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында биылғы жылы үшінші жүрек трансплантациясы сәтті жасалды

30 октября, 2025
«Ауыртпалықсыз және тыртықсыз»: Алматыда 83 жастағы науқас TAVI технологиясы бойынша қолқа қақпағын ауыстырды
Денсаулық

«Ауыртпалықсыз және тыртықсыз»: Алматыда 83 жастағы науқас TAVI технологиясы бойынша қолқа қақпағын ауыстырды

30 октября, 2025
Жатыр денесінің қатерлі ісігі: уақытында айту маңызды ауру
Денсаулық

Жатыр денесінің қатерлі ісігі: уақытында айту маңызды ауру

28 октября, 2025
Жүрекке жасалған ота: алматылық дәрігерлер 18 жастағы қыздың өмірін сақтап қалды
Денсаулық

Жүрекке жасалған ота: алматылық дәрігерлер 18 жастағы қыздың өмірін сақтап қалды

17 октября, 2025
Келесі жаңалық
Digital Almaty-2024 рекорды: цифрлық форумға 30 мыңнан аса адам қатысты

Digital Almaty-2024 рекорды: цифрлық форумға 30 мыңнан аса адам қатысты

Президент Үкіметті отставкаға жіберді

Президент Үкіметті отставкаға жіберді

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Алматы облысының Шонжы ауылы карантинге жабылды

Атырауда карантиндік шектеу шаралары қайта күшейтілді

19 декабря, 2020
Қазақстанның автонарығы қалай өзгеруде: жыл басынан бері сатылған әрбір үшінші автомобиль – Қытайдан

Қазақстанның автонарығы қалай өзгеруде: жыл басынан бері сатылған әрбір үшінші автомобиль – Қытайдан

17 октября, 2025
Жақсылық ырғағында: Kazakhstan Growth Forum ұйымдастырған қайырымдылық балы қалай өтті

Жақсылық ырғағында: Kazakhstan Growth Forum ұйымдастырған қайырымдылық балы қалай өтті

6 декабря, 2024

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Талаптарды тағайындау бойынша ҚҚС: Неліктен инкассаторлар мен салық органдары келіспейді?

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вейптердің заңсыз онлайн-саудасы: «Вейпсіз жастық шақ» әлеуметтік жобасы аясында зерттеу жүргізілді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Синквейн деген не?

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: ЦЕРЕБРАЛЬДЫ САЛ АУРУЫ ЖӘНЕ БАСҚА ДА АУРУЛАРЫ БАР ПАЦИЕНТТЕР МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ТОЛЫҚ КӨЛЕМІН АЛУДЫ ЖАЛҒАСТЫРАДЫ
  • FlyArystan Астана мен Алматыдан Солтүстік Гоаға чартерлік рейстерді іске қосады
  • Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.