Тоқаев «АрселорМитталТеміртау» компаниясымен ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды

Тоқаев «АрселорМитталТеміртау» компаниясымен ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысында кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Qazaqpress Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

— Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтадағы өрт салдарынан қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі, — делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы Үкіметке кеншілердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды.