Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Мәдениет

Астана Балет» сахнасында Марат Бисенғлиевтің қатысуымен «Есімдер» атты концерт өтеді

admin by admin
27 октября, 2023
Астана Балет» сахнасында Марат Бисенғлиевтің қатысуымен «Есімдер» атты концерт өтеді

4-қарашада «Астана Балет» театрында бас дирижер Арман Оразғалиевтың жетекшілігіндегі «Астана Балет» симфониялық оркестрінің «Есімдер» концерті өтеді. Солист – әйгілі скрипкашы Марат Бисенғалиев.

Байланысты

Әлемге танымал киберспортшы Данил «Molodoy» Голубенко Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадоры атанды

Жезқазғанда Металлург күніне арналған ауқымды Metallurg Fest өтті

Дастан Сәтпаев пен ByDastann Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадорлары атанды

«Есімдер» атты концерт – театрымыздағы ғажайып музыка салтанатының жалғасы. Осыдан бір жыл бұрын еліміздің танымал өнер қайраткерлерінің қатысуымен концерт өткізуді жоспарлап қойып едік. Алғашқы концерт Жания Әубәкірованың қатысуымен өтті. Енді осы бастаманы Марат Бисенғалиев те қоштады. Әрбір концерт – классикалық музыканың қыр-сырын ашуға, аудиторияны тамсандырып, ұмытылмас көңіл-күй сыйлауға жол ашады. Қалың көрермен мен кәсіпқой мамандардың тарапынан қолдау тауып отырған осы бастамамызды мақтан тұтамыз», — деген ойымен бөлісті, театрдың бас дирижері Арман Оразғалиев.

Кештің бірінші бөлімінде көрермен қауым А.Хачатурянның екі шығармасын тыңдайды. Алғашқысы – «Спартак» балетінен адажио. Сезім иірімдеріне бай, терең туынды. А.Хачатурянның үздік шығармаларының бірі, «Спартак» балетінің музыкасында композитор шығармашылығының ерекшелігі мейлінше көрініс тапқан. Адалдық, достық пен махаббат ұранына айналған бұл композиция – еркіндікке ұмтылған Спартактың қасіретті тағдырын суреттейді.

Содан кейін «Скрипка мен оркестрге арналған концерт» орындалады. Осы күрделі шығарманы орындау арқылы, Марат Бисенғалиев өзінің шеберлігін паш етеді. Скрипкашы осы шығарманы нақышына келтіріп ойнайтыны соншалық, көрермен санасына қозғау салады.

«Өзім үшін жаңа залда әрі Арман Оразғалиевтің жетекшілігіндегі жас оркестрдің сүйемелдеуімне өтетін осы концертті тағатсыздана күтіп жүрмін. Ғаламат шығарма – Хачатурянның концертін орындаймын. Концерт сәтті өтеріне күмәнім жоқ. Классикалық музыканы ұнатушы қауыммен қауышар сәтке асықпын!», — деді Марат Бисенғалиев.

Марата Бисенғалиевті – өзіндік шығармашылық болмыс-бітімі қалыптасқан, батыл эксперименттер мен жаңашылдықтарға барынша ашық, өмірлік қуаты тасыған музыкант ретінде сипаттауға болады. Скрипкашының рухани келбетінен данышпандық пен эрудицияның лебі есіп тұр. Ол жан-жақты дарын иесі, алайда, сахнада ол скрипкашы әрі әртіс ретіндегі асыл міндетін орындайтын һас шебер.

Кештің екінші бөлімінде С.Прокофьевтің «Ромео мен Джульетта» балетінен сюита орындалады. Осылайша тыңдарман қауым баршаға таныс, ынтызарлық пен романтикаға толы оқиғаның әлеміне шомады. Музыканың ырғағында негізгі драматургиялық идеяның тынысы сезіледі. С.Прокофьевтің балетіндегі музыка дараланып, үздік симфониялық шығармалардың қатарында тұр.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Алдағы концерт классикалық музыканы бағалаушылар үшін ғаламат тарту болмақ. Көрермен қауым ұлы композиторлардың ғажайып шығармаларын тыңдап, бір жасап қалады.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтеді.

Tags: 4 қарашаА.ХачатурянАдажиоАрман ОразғалиевАстана БалетЕсімдерЖания ӘубәкіроваконцертМарат БисенгалиевМинистерлік Қолдаумузыкалық событиеС.Прокофьевсимфониялық оркестрСкрипка мен оркестрге арналған концертСпартакҚазақстан Республикасы
БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

StripedFly: күрделі коды және тыңшылық мүмкіндіктері бар майнер-құрт

Келесі жаңалық

29 қазан Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Әлемге танымал киберспортшы Данил «Molodoy» Голубенко Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадоры атанды
Мәдениет

Әлемге танымал киберспортшы Данил «Molodoy» Голубенко Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадоры атанды

19 июля, 2026
Жезқазғанда Металлург күніне арналған ауқымды Metallurg Fest өтті
Мәдениет

Жезқазғанда Металлург күніне арналған ауқымды Metallurg Fest өтті

19 июля, 2026
Дастан Сәтпаев пен ByDastann Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадорлары атанды
Мәдениет

Дастан Сәтпаев пен ByDastann Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадорлары атанды

16 июля, 2026
Конституция күшіне енген күні Жаңа адамдар Алтын Орданың тарихи мұрасы саналатын Отырар қалашығын ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізу туралы өтініш жолдады
Мәдениет

Конституция күшіне енген күні Жаңа адамдар Алтын Орданың тарихи мұрасы саналатын Отырар қалашығын ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізу туралы өтініш жолдады

1 июля, 2026
Әр адамның арманы – еліміздің ертеңі
Мәдениет

Әр адамның арманы – еліміздің ертеңі

17 июня, 2026
Qazaqstan International Balloon Festival 30 000-нан астам қонақты жинады
Мәдениет

Qazaqstan International Balloon Festival 30 000-нан астам қонақты жинады

8 июня, 2026
Келесі жаңалық
29 қазан Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды

29 қазан Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды

АМТ-ға қарасты барлық шахталардың жұмысы тоқтатылды

АМТ-ға қарасты барлық шахталардың жұмысы тоқтатылды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Алматыда қылмыс деңгейі бейнебақылау жүйесінің арқасында 10-15%-ға төмендеді

Алматыда қылмыс деңгейі бейнебақылау жүйесінің арқасында 10-15%-ға төмендеді

11 декабря, 2024
COVID-19: соңғы көрсеткіштер

COVID-19: соңғы көрсеткіштер

11 августа, 2022
Шымкентте спорт саласындағы 6 лауазымды тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылуда

Целиноград ауданы Қызылсуат ауылын электр қуатымен жабдықтау жөніндегі қылмыстық іс облыстық сотта қаралды

22 февраля, 2024

Топ жаңалықтар

  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірісті басқарудың бірыңғай цифрлық экожүйесін қалыптастыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Елде ірімшік пен сүзбе өндірісінің өсімі жалғасуда
  • «Жыланды» және «Нұрқазған» кеніштеріне жаңа бұрғылау қондырғылары жеткізілді
  • Қазақстандық Диана Ержанова триатлоннан жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогының жеңімпазы атанды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.