Сенат Жоғарғы соттың үш судьясын қызметінен босатты

Сенат Жоғарғы соттың үш судьясын қызметінен босатты

Сенат Жоғарғы соттың үш судьясын қызметінен босатты, деп хабарлайды Qazaqpress.

— Қарауыңызға Мемлекет басшысының Сембек Баймаханов, Өміртай Ибраев және Ұлболсын Сүлейменованың отставкаға кетуіне байланысты Жоғарғы Сот судьялары лауазымынан босату туралы ұсыныс енгізілді. Барлық судья зейнеткерлік жасқа жетті, 28-37 жас аралығында судьялық жұмыс тәжірибесі мол. Судьялар қауымдастығында лайықты беделге ие. Сізден қолдау сұраймыз, — деді Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Денис Шипп депутаттарға.

Сенаторлар судьяларды қызметінен босатуға дауыс берді.

— Әріптестеріміз өз міндеттерін үлкен жауапкершілікпен атқарды, алдағы қызметтеріне сәттілік тілейміз, — деді Сенат спикері Мәулен Әшімбаев.