Отандық продюсерлер, режиссерлер Яндекс Плюс жазылымы бойынша Кинопоиск стримингілік платформасында қолжетімді болған бейнеэссені қарап, өз пікірлерімен бөлісті.
Сонымен бірге ол қазақ тілінде де дыбысталған (сілтеме). Кино, актерлер, қазақстандық кинематографты жасаушылар және оның тарихы туралы қызықты деректер, мұның бәрі КиноПоиск жобасында — бейне эссе «Қазақ киносының тарихы». 1930-шы жылдардан бастап бүгінгі күнге дейінгі кезеңді қамтитын деректі фильмнің тұсаукесері жақында Алматы қаласының Плюс Дача мәдени алаңының шеңберінде өтті.
Көрермендерге ұлттық киноматографтың тарихы көрсетілді. Авторлар сталиндік кезеңдегі фильмдермен, «жылымық» жауһарларымен таныстырады, сонымен қатар қазіргі заманғы индустрияның жай-күйі туралы әңгімелейді. Кеңестік және тәуелсіз Қазақстанның киносы туралы әңгіме визуалды әдістердің көмегімен өрбиді — мұның бәрі бейне форматта жасалған. Жарты жыл бойы Кинопоиск онлайн-кинотеатрының тобы тезистердің барынша дәл иллюстрациялары, монтаждау құралдарының көбірек тартылуы, шынайы дереккөздер, жақсы таңдалған бейнеқатар, сонымен қатар көрерменді қызықтыратын танымдық және сауатты мәтін секілді белгілі бір талаптарға сүйене отырып, материалдар жинады. Жоба көрермендерге ғана емес, сондай-ақ сарапшыларға да әсер етті.
Максим Акбаров, кинопродюсер, актер, режиссер: «ТМД-ның бас кинопорталындаҚазақстан кинематографистерінің үлкен еңбектері туралы ақпараттың көпшіліккежария болғаны өте қуанышты. Осылайша, барлық кино жасаушыларға назараударылып, жаңа киноматографисттерге көлемді ақпарат берілді. Менің ойымша, эссенің өзі – мамандандырылған жоғарғы оқу орындарының студенттеріне қолдануғаболатын қандай да бір тарихи анықтама сияқты. Бейнеэссе жасаушыларынаҚазақстанның киноиндустриясын ағартқаны үшін зор алғысымды білдіремін!»
QazaqMedia продюсерлік орталығының директоры Александр Аксютицтің айтуынша, қазақстандық кинематографты танымал етудің осындай форматының арқасында елдеүлкен киноны бағалаушылар қауымдастығы қалыптасады. «Біздің елімізде көрерментек жеңіл-желпі комедияларды ғана жақсы көреді, ал байыпты фильмдерменнарыққа шығудың пайдасы жоқ деген пікір қалыптасқан. Алайда, сәті түсіп, Алматықаласында өткен Плюс Дача-ға барғанымда, бейне эссенің көрсетілімі ол пікірдіңжаңсақтығын көрсетті. Бұл біз секілді киногерлерге трендтер орнатуға жәнеадамдардың дүниетанымына әсер етуге қабілетті терең киноны жасау сәттілігінемүмкіндік береді. Себебі ойын-сауық — бұл кинотаспалардың негізгі миссиясы емес. Дачалар мен оларда қызықты картиналардың көрсетілімдері тұрақты болады дегенсенімдемін», — деп атап өтті Аксютиц.
Асқар Ұзабаев, кинопродюсер: «Кинопоиск-те қазақстандық кино мен оның тарихытуралы бейнеэссе шыққанына өте қуаныштымын. Бұл өте керемет және пайдалынәрсе, әсіресе қазір Қазақстанның киноиндустриясына енді еніп жатқан жас ұрпақүшін. Өйткені өз тарихымызды білмей, болашағымызды құра алмаймыз. Қазақстандық кино тарихының бір бөлігі ретінде осы деректі фильмде менің де болғаныма өте қуаныштымын. Бұл жобаның ең маңызды функциясы көрермендергетанымды болуымен қатар, мұндай эсселер киноматографисттердің жас буынынақажет. Өкінішке орай, қазақстандық киноның тарихы туралы кітаптар көптен берішықпады. Сондықтан, бейне эссе жасауға қатысқандардың барлығына алғыс айтқымкеледі. Біз жаңа туындыларды күтеміз!»
Айдар Омаров, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның өндіріс жөніндегівице-президенті.
«Мен бұрын-соңды бейнеэссенің форматын көрмегенімді мойындаймын, бірақ оныңотандық кинематографтағы қазақ тілінің тарихы туралы, жалпы, Қазақстанныңхалық қаһармандарына деген көзқарасы, олардың кеңес өкіметі кезеңінде экранғатүсірілуі туралы көп көрсетілгені маған қатты әсер етті. Барлық кинематограф әуесқойларына қазақ киносын ғана емес, жалпы ТМД киносын да қарауды ұсынамын».
Фархат Шарипов, кинорежиссер: «Менің ойымша, мұндай бейнеэссенің шығуы —отандық кинематографқа ерекше назар аударудың көрінісі ретінде, оны әрі қарайілгерілетуге және танымал етуге ықпал етеді. Фильмді жасаған топқа ерекше алғысбілдіремін. Жаңа шығарылымдарды күтеміз!»
Кинорежиссер және сценарист Рашид Нұғмановтың айтуынша, эссе авторларыөздерінің әңгімелері үшін кино тілінің өзгеріп отыратын мәдени кодтармен тығызбайланыстағы ілгерілеуі — «басты бағытты» көшіруден бастап өзіндік ерекшелігінтабуға дейінгі өтпелі желіні дұрыс таңдаған. «Менің ойымша, бұл қазақстандық киноғатамаша шолу. Бәлкім, осы уақытқа дейін мен көрген туындылардың ішіндегі еңжақсысы шығар. Дәл сараптамалық бағалаудың үйлесімі, талдау тереңдігі, нақтылауға назар аудару, жеңіл тіл және киноға деген сүйіспеншілік — Кинопоиск-тіңосы шығарылымын тиімділікпен ерекшелендіреді».
Анықтама:
Кинопоиск онлайн кинотеатры — фильмдер мен хикаяларды қарауға, танымал бейнелер мен қызықты фактілердің рейтингтерін білуге, фильмдерге бағалар қоюға, сын пікірлер жазуға және фильмдердің сипаттамасын толықтыруға болатын кино туралы ең ірі сервис. Кинопоиск — жазылым бойынша қолжетімді болатын Яндекс Плюс сервистерінің бірі. Сондай-ақ, Яндекс Плюс Яндекс Музыка-ға, Букмейт—ке, Яндекс Go, Яндекс Афиша және Яндекс Яда сервистеріндегі адалдық бағдарламасына қолжетімділікті қамтиды.













Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз