Шекара қызметі және ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының көмегімен аймақтық есірткі арнасының жолын кесті, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Өткізілген операцияның нәтижесінде Ақтау қаласында «есірткі тасымалдады, сатты» деген күдікпен Қазақстанның төрт азаматы ұсталды.
Тінту барысында 100 кг аса «марихуана» есірткі заты тәркіленді.
Бұл факт Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз