Тоқаев «Хазірет Сұлтан» мешітіне барды

Тоқаев «Хазірет Сұлтан» мешітіне барды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Хазірет Сұлтан» мешітіне барды, деп хабарлайды Qazaqpress Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы «Хазірет Сұлтан» мешітінде болып, Қазақстан мұсылмандарын Құрбан айт мерекесімен құттықтады», — делінген сәрсенбіде тараған хабарламада.

Қасиетті мерекеге орай мемлекет басшысының атынан Құран сүрелері оқылып, құрбан шалу рәсімі жасалды.

Фото дереккөзі: Ақорданың баспасөз қызметі.