Астаналық автобустар Құрбан айтта таңғы 5-те жұмысын бастайды

Байланысты

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Астаналық автобустар Құрбан айтта таңғы 5-те жұмысын бастайды, деп хабарлайды Qazaqpress әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алдағы Құрбан айт мерекесіне байланысты елорда тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болу үшін 28 маусымда Астанада қоғамдық көліктер таңғы сағат 05:00-ден бастап жүре бастайды», — делінген хабарламада.

29 маусымда автобустар әдеттегі кесте бойынша жүреді.

Сондай-ақ, Астанада таңғы сағат 8-ден кешкі 6-ға дейін құрбандық шалу үшін мал сойылатын орындар бөлінгені хабарланды:

Жайлау базары, Алаш тас жолы, көш. C 313;

Үлкен Шанхай базары, Алаш тас жолы 34/6 (Көк базар базарының артында);

Шопан ата базары (Рубик пен Әмір базарының арасы);

«Баракат» базары, көш. А 369, № 10 ғимарат;

«Ұлжан» әмбебап базары (бұрынғы «Саянұр» базары), Н.Тілендиев даңғылы, 24.

Фото дереккөзі: 2GIS

Байланысты жаңалықтар

Келесі жаңалық

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар