Қызылорда облысында интернет арқылы бопсалау ісі бойынша бір топ әйел ұсталды

Байланысты

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Қызылорда облысында интернет арқылы бопсалау дерегі бойынша бір топ әйел ұсталды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚР ІІМ ресми интернет-ресурсына сілтеме жасап.

«Қыздар ер адамдармен жалған аккаунт арқылы танысып, үндемеу үшін ақша бопсалаған. Қызылорда облысында бір топ әйел ұсталды», — делінген сейсенбідегі хабарда.

Хабарламаға сәйкес, полицияға ер адам арызданған.

«Сәуір айынан бері белгісіз әйелдер хат жазысып, жеке фотосуреттері үшін одан 500 мың теңге талап еткен. Аталған факті бойынша Қызылорда облысының Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері кешенді жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде облыстың үш тұрғыны ұсталды. Фейсбук әлеуметтік желісінде жалған аккаунт ашу арқылы қыздар әлеуметтік желідегі ақпараттың беделін түсіреміз деп қорқытып, «үндемеулері» үшін ақша бопсалаған. Жалпы, бопсалаушылардың сегіз құрбаны белгілі. Бірнеше телефон, қолма-қол ақша және банк карталары тәркіленді», — делінген хабарламада.

Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 2-бөлігі (қорқытып алу) бойынша тергелуде.

«Екі күдікті қыз уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал үшіншісіне қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Сондай-ақ күдіктілердің осыған ұқсас басқа да фактілерге қатыстылығы анықталуда», — деп қосты полицейлер.

Фото дереккөзі: polisia.kz

Байланысты жаңалықтар

Келесі жаңалық

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар