Жетісу облысында қараусыз жүрген жылқының кесірінен көлік жүргізушісі көз жұмды, деп хабарлайды Qazaqpress Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы Daewoo Nexia автокөлігінің қатысуымен Үшарал – Достық тас жолының 48 шақырымында болды. Автокөлік жүргізушісі жолда бос жүрген жылқымен соқтығысқан. Жол апатынан 44 жастағы ер адам қаза тапты. 41 жастағы автокөлік жүргізушісі де ауруханаға жатқызылды.
ЖКО дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігіне (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) сәйкес жүргізіліп жатыр.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз