Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Саясат

М.Жақау: «Елімізде 90-100 мыңға жуық ерікті тәуелсіз бақылаушылар сайлаудың заңның аясында таза әрі әділ өтуіне атсалысты»

admin by admin
20 марта, 2023
М.Жақау: «Елімізде 90-100 мыңға жуық ерікті тәуелсіз бақылаушылар сайлаудың заңның аясында таза әрі әділ өтуіне атсалысты»

Президент сайлауы қарсаңында қоғамдық бастама негізінде ел азаматтары құрған «BAQYLA» қоғамдық қозғалысы елімізде 2023 жылдың 19 наурызы күні өткен ҚР Парламенті Мәжілісі мен маслихаттар сайлауында елішілік тұрақтылық пен сайлау процедураларының қатаң сақталуын қамтамасыз ету үшін сайлау учаскелерін қамтитын өңірлік штабтарда бақылаушылық жасады.

Байланысты

Respublica партиясы: кәсіпкерлік пен жастар — басты назарда

«Әділет» партиясы съезінің делегаттары «AMANAT» партиясының қосылуын қолдады

Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының жаңа төрайымы болып сайланды

Аумақтық бақылаушылар желісі жұмысы Алматы қаласындағы Орталық штаб пен еліміздің 17 қаласында орналасқан өңірлік штабтар арқылы жүргізілді.

Қоғамдық қозғалыс 2022 жылғы кезектен тыс президент сайлауында 27 қалада дауыс беру барысын қадағалау жұмысын сәтті атқарған болатын.

Ал биылғы ҚР Парламенті Мәжілісі мен маслихаттар сайлауында «BAQYLA» қоғамдық қозғалысы сайлау процесін бақылауға араласып, республика бойынша 25 қала мен елді-мекенді қамти алды. Сонымен қатар, 5 мыңнан астам бақылаушыны оқытты.

Сайлау күні елдегі барлық сайлау учаскесінің 3 мыңын, яғни 30 пайызын қамти алдық деп айта аламыз.

Осыған байланысты 2023 жылдың 20 наурызы күні Алматы қаласында «BAQYLA» ҚҚ бастамашылары арнайы баспасөз жиынын өткізді.

Асхат Қасенғали, саясаттанушы:

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Сайлау күні 300-ден астам заң бұзушылық тіркелді. Таңғы 06:00-ден басталған сайлау процесі бақылаушыларға орын бермеу, дауыс беру кабинкаларына екі-үш адамнан кіру, дауыс санау барысына қатыстырмау және хаттама бермеуге тырысу сияқты заңсыздықтар болатын. Бақылаушыларға орын бермей, 100-ге жуық бақылаушы сайлауды тұрып бақылауға мәжбүр болды. Заң бұзу фактілері жайлы ақпараттар әлі де жинақталуда. Бір мандатты жүйемен түскендерге қатысты ақпараттар келуде. Елдегі ақпараттық дүмпу жағынан ең тартысты өткен, ал дауыс берушілер жағынан антирекордтың бірі орнаған сайлауда тәуелсіз бақылаушылар өз міндеттерін тиісті дәрежеде атқарды.

Мақсат Жақау, саясаттанушы:

2023 жылғы Парламент Мәжілісі мен маслихатына болған сайлау, барлық үміт артқан бастамаларымен, биліктің былтырғы Жолдауда айтылған уәделердің іс жүзінде орындала бастауымен байланысты. Сайлауға дауыс берушілерден гөрі кандидаттар мен бақылаушылар белсенді әрі көп қатысты. Бұл сайлауда көптен бері болмаған жеті саяси партияның қатысуын бақыладық. Бұл сәйкесінше, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының Парламентте пікірлер алуандығын жасақтайтын көппартиялық жүйе мен жеке мандатпен келетін депутаттардың көптеп болуына жағдай туғызу қажеттілігі еді. Аталған саяси өзгерістердің бастамасы жүзеге асырылуда, бұған кешегі сайлаулар куә. Жалпы сайлауға көзі төртеу болып елімізде 90-100 мыңға жуық ерікті тәуелсіз бақылаушылар сайлаудың заңның аясында таза әрі әділ өтуіне атсалысты. Бұл демократияның жаңа қарлығаштары, әділдік пен адалдықтың қорғаушылары хәм қолдаушылары деп қабылдауымыз керек. Осылайша сайлаудан-сайлауға қадам басқан сайын саяси мәдениеттілік пен демократиялық ілгерілеу болады. Бұл заңдылық.

 

 

 

 

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Саясатқа жаңа келген партияларға сенуге болмайды — журналист Respubilca партиясы жайында

Келесі жаңалық

Тоқаев Салық кодексіне өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Respublica партиясы: кәсіпкерлік пен жастар — басты назарда
Саясат

Respublica партиясы: кәсіпкерлік пен жастар — басты назарда

26 июня, 2026
«Әділет» партиясы съезінің делегаттары «AMANAT» партиясының қосылуын қолдады
Басты

«Әділет» партиясы съезінің делегаттары «AMANAT» партиясының қосылуын қолдады

14 июня, 2026
Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының жаңа төрайымы болып сайланды
Басты

Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының жаңа төрайымы болып сайланды

13 июня, 2026
Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының басшылығын ауыстыруды ұсынды
Басты

Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының басшылығын ауыстыруды ұсынды

13 июня, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейбітшілік жолындағы жаһандық қозғалыс туралы идеясы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VIII съезінің басты тақырыбы болмақ
Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейбітшілік жолындағы жаһандық қозғалыс туралы идеясы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VIII съезінің басты тақырыбы болмақ

5 сентября, 2025
Air Astana мобильді қосымшасын жаңартты
Саясат

Air Astana мобильді қосымшасын жаңартты

15 июля, 2025
Келесі жаңалық
Тоқаев Самарқанда өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады

Тоқаев Салық кодексіне өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Елена Рыбакинаны жаңа жеңісімен құттықтады

Мемлекет басшысы Елена Рыбакинаны жаңа жеңісімен құттықтады

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Өмір Тұяқбай: тарихи мифтерге жол бермеу – ұрпақ алдындағы парыз

Өмір Тұяқбай: тарихи мифтерге жол бермеу – ұрпақ алдындағы парыз

3 октября, 2025

Top 5 Sex Camshaft Girls Sites

9 июня, 2022
Air Astana өндірістік қауіпсіздік бойынша мастер-класс өткізді

Air Astana өндірістік қауіпсіздік бойынша мастер-класс өткізді

5 июля, 2023

Топ жаңалықтар

  • Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

    Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Бухгалтерлік баланс, пайда мен залал туралы есеп «Сентрас Иншуранс «СК» АҚ 01.07.2026 жыл жағдайына
  • Жаңа адамдар Әділет партиясының III кезектен тыс съезіне қатысты
  • Жаңа адамдар Әділет партиясының Жаңа мәдениет және ұлттың қалыптасуы стратегиялық сессиясына қатысты

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.