Бүгін Қазақстанның екі қаласында ауа ластанады
Бүгін Астана мен Ақтөбеде жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Qazaqpress «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.
«2023 жылғы 17 наурызда Ақтөбе және Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі»,- делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.