Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Алматыда адвокатты соққыға жықты: «Қызды қорғағымыз келіп еді, бірақ Тұрлыхановтың ұлы мені және әйелімді ұра бастады»

Рамазан Есмагамбетов by Рамазан Есмагамбетов
15 февраля, 2023
Алматыда адвокатты соққыға жықты: «Қызды қорғағымыз келіп еді, бірақ Тұрлыхановтың ұлы мені және әйелімді ұра бастады»

Танымал заңгер Олег Чернов пен оның әйелі – адвокат Анна Дмитриевич Алматыда соққыға жығылғанын айтты, деп хабарлайды Qazaqpress Bizmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Байланысты

Маусым айында Қазақстанда 168 мыңға жуық автокөлік есепке қойылды

Beeline Қазақстан Paryz Bridge тәуелсіз зерттеуінің қорытындысы бойынша «Ақпарат және байланыс» саласындағы үздік жұмыс беруші атанды

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: ЖІӨ өсімі, жеке инвестициялар ағыны және отандық тауар өндірушілерді қолдау

Оқиға ақпанның 10-нан 11-іне қараған түні Алматыдағы бір мейрамхананың жанында орын алды.

Ерлі-зайыптылар такси шақыртып, көлікке қарай беттеп келе жатқанда, кенет куәгерлер жүгіріп жетіп, ер адам соққы астына алған қызға көмектесуді өтінді.

Адвокаттар соққыға жығылды – Черновтың нұсқасы

«Шақыртқан көлігіміз күтіп тұрған жерден алыс емес еді. Қарасақ, расында бір жігіт қызды ұстап тұрып ұрып жатқанын көріп жүгіріп келдік, ол бізден көмек сұрай бастады. Сосын біз оған қызды жіберсін, доғарсын деп айғайлай бастадық. Бәрі содан басталды.

Алдымен ол мені бір ұрды да мен құлап қалдым. Орнымнан тұрып жатқан жерімнен жүгіріп кеп тағы ұрды. Есімді жиған соң Аннаның (әйелі) жерде жатқанын көрдім. Куәгерлер бізге бейнежазба жіберген соң ғана ол оның жағынан салып жібергенін көрдім, ол құлап қалыпты. Ал, менің басымнан ұрып, тепкілей бастады. Кейін видеодан ғана көрдім қалай басымнан тепкенін. Содан кейін полиция келді, олар барлығын ұстап алып кетті», – деді Олег Чернов.

Алматыда адвокаттар соққыға жығылды. Күдіктінің әкесі Дәулет Тұрлыханов не дейді?

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Ерлі-зайыптылар өздерін ұрып жыққанның әкесі грек-рим күресінен Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Дәулет Тұрлыханов екенін айтты.

Тілшімен сұхбаттасып отырып, Дәулет Тұрлыханов бұл расымен өзінің ұлы екенін растады. Сол күні түнгі клубтардың бірінде бір қызбен болыпты.

«Иә, бұл менің ұлым. Сол күні ол қызымен бірге болған. Ол кәмелет жасқа толды. Құқық қорғау органдары өздері шешімін жасар. Әрине, ұлымның төбелескенін қолдамаймын. Бірақ адвокат жалдап, онда өзі не болғанын анықтайтын боламыз», — деді Дәулет Тұрлыханов.

Адвокат қандай жарақат алды?

Бұл арада Олег Чернов басынан қатты жарақат алғанын, қабырғасының және иегінің сынғанын хабарлады. Ал, әйелін қазір жағы мен иығының ауыруы мазалап жүр екен.

«Қазіргі уақытта судмедэкспертиза мен тергеу жұмыстары жүргізілуде. Іс «Бұзақылық» бабы бойынша тіркелді. Бірақ, денсаулығыма орташа дәрежедегі зақым келгендіктен, классификацияны қайта өзгертер деп ойлаймын. Кейін тергеу бәрін анықтап, процессуалдық шешімдер қабылдайды», – деп түйіндеді Олег Чернов.

Полиция не дейді?

Алматы Ішкі істер департаменті бұл оқиға ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай реестріне тіркелгенін хабарлады.

Қылмыстық іс бойынша алғашқы тергеу жұмыстары жүргізіліп, экспертиза жариялады.

Күдікті әскери адам болғандықтан, қазір қылмыстық іс бойынша дұрыс шешім тағайындау үшін, барлық материалдар қалалық прокуратураға жіберілді.

Tags: адвокатДәулет ТұрлыхановОлег ЧерновҚазақстанұлыұрып-соғу
БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Жүректен жүрекке жеткен сый

Келесі жаңалық

19 ақпан күні марафонға байланысты Алматы қаласының жартысы жабылады

Рамазан Есмагамбетов

Рамазан Есмагамбетов

Байланысты жаңалықтар

Маусым айында Қазақстанда 168 мыңға жуық автокөлік есепке қойылды
Категориясыз

Маусым айында Қазақстанда 168 мыңға жуық автокөлік есепке қойылды

15 июля, 2026
Beeline Қазақстан Paryz Bridge тәуелсіз зерттеуінің қорытындысы бойынша «Ақпарат және байланыс» саласындағы үздік жұмыс беруші атанды
Категориясыз

Beeline Қазақстан Paryz Bridge тәуелсіз зерттеуінің қорытындысы бойынша «Ақпарат және байланыс» саласындағы үздік жұмыс беруші атанды

15 июля, 2026
Теңге Қазақстанның ұлттық валютасы ретінде конституциялық мәртебеге ие болды
Категориясыз

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: ЖІӨ өсімі, жеке инвестициялар ағыны және отандық тауар өндірушілерді қолдау

15 июля, 2026
ҚР ОСК: Барлық сайлау учаскелері мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді болады
Категориясыз

ҚР ОСК: Барлық сайлау учаскелері мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді болады

14 июля, 2026
КІА ҒЗИ Қазақстанда жоғары технологиялық медициналық көмекті жүйелі түрде дамытуды жалғастыруда
Категориясыз

КІА ҒЗИ Қазақстанда жоғары технологиялық медициналық көмекті жүйелі түрде дамытуды жалғастыруда

14 июля, 2026
Қазақмыс қызметкерлерінің 1200 баласы жазғы демалыс бағдарламасына қатысты
Категориясыз

Қазақмыс қызметкерлерінің 1200 баласы жазғы демалыс бағдарламасына қатысты

14 июля, 2026
Келесі жаңалық
19 ақпан күні марафонға байланысты Алматы қаласының жартысы жабылады

19 ақпан күні марафонға байланысты Алматы қаласының жартысы жабылады

Цифрлық майнингпен айналысу үшін нақты талаптар бекітілді

Цифрлық майнингпен айналысу үшін нақты талаптар бекітілді

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

ҚСК Қазақстандағы жұмысын тоқтатпайды

ҚСК Қазақстандағы жұмысын тоқтатпайды

25 мая, 2023
Сарыағашта пиротехниканы заңсыз сатқан дүкендер анықталды

Сарыағашта пиротехниканы заңсыз сатқан дүкендер анықталды

1 января, 2021
Comic Con Astana-2025 фестиваліне екі күн ішінде 29 000-ға жуық адам қатысты

Comic Con Astana-2025 фестиваліне екі күн ішінде 29 000-ға жуық адам қатысты

11 июля, 2025

Топ жаңалықтар

  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • AI & Digital Bridge 2026: 30.06 ДЕЙІН БИЛЕТТЕРДІ 50% ЖЕҢІЛДІКПЕН САТУ

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Маусым айында Қазақстанда 168 мыңға жуық автокөлік есепке қойылды
  • Beeline Қазақстан Paryz Bridge тәуелсіз зерттеуінің қорытындысы бойынша «Ақпарат және байланыс» саласындағы үздік жұмыс беруші атанды
  • Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: ЖІӨ өсімі, жеке инвестициялар ағыны және отандық тауар өндірушілерді қолдау

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.