19 ақпан күні марафонға байланысты Алматы қаласының жартысы жабылады

19 ақпан күні марафонға байланысты Алматы қаласының жартысы жабылады

«Winter Run 2023» қалалық жарысын ұйымдастыру комитеті жарыс күні Алматыда көлік жолдарының жартысы жабылатынын айтты, деп хабарлайды Qazaqpress Bizmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Марафон 19 ақпанда Алматы қаласында өтпек. Сағат 4:00-ден 12:00-ге дейін қаланың бір бөлігі, яғни, жарыс өтетін жолдар жартылай жабылады.

Жарыстың басы «Нұрлы-Тау» бизнес орталығының жанында басталмақ. Әл-Фараби даңғылы бойымен Гагарин даңғылына дейін 10 шақырым айналып, қайтадан Нұрлы-Тауға оралады. Жалпы 3 қашықтыққа жүгіру жарысы өткізілмек – кәдімгі 10 км, 7 км скандинавтық жүріс және 3 километрлік балалар жүгірісі өткізілмек.

Сағат 04:00-ден 12:00-ге дейін Әл-Фараби даңғылының Назарбаев даңғылынан Желтоқсан көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толығымен жабылады екен. Тіпті, Әл-Фараби бойындағы Меңдіқұлов көшесінің астындағы туннель де сағат 04:00-ден 12:00-ге дейін жабылады.

Есесіне Әл-Фараби даңғылының оңтүстік бөлігі енді көлік қозғалысына ашылатын болды. Ұйымдастыру комитеті жарыс қатысушыларының қозғалыс уақытын ескере отырып, тиімді жол жүру жүйесін жоспарлағанын айтты.