Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Басты

Жүзбе-жүз жүрегімізді таниық

Рамазан Есмагамбетов by Рамазан Есмагамбетов
13 февраля, 2023
Жүзбе-жүз жүрегімізді таниық

Өлеңді айт дегенде ағыла ма, тойда ақын жігіт жаңыла ма? Көкіректің әніменен қосылғанда махаббаттың түйір дәні жарыла ма?

Байланысты

Қазақстан эстрадасының жұлдыздары жаңа Конституцияны қолдау үшін бірікті – «Халықтың Ата Заңы» халық әнұраны

10 наурызға жоспарланған репатриациялық рейстер

Астанадағы MEGA Silk Way сауда орталығында «Бақыт деген» музыкалық флешмобы өтті

11 ақпан күні AVANGARD ақындар тобының мүшелері Елизавета Геттингер (Inst: hettingerlizaveta) мен Зыков Бористің «Жүзбе-жүз жүрегімізді таниық» (Лицом к лицу лица не увидать) атты шығармашылық кешін ұйымдастырды.

Қатысушылар іс-шара ұйымдастырушыларының өлеңдерін оқып, ақын жұптың берік махаббаты мен шығармашылықтарына ізгі тілектерін білдірді.

Ұйымдастырушылардың сөзінше, бұл олардың алғашқы ортақ кеші.

– Ақын, «Ресейдің алтын қауырсыны» ұлттық әдеби сыйлығының күміс лауреаты Борис Зыковтың

– және ақын, жазушы Елизавета Геттингердің шығармашылық кешіне қош келдіңіздер! – деп бір-бірін таныстыра отырып, Қазақ-неміс орталығына алғысын білдірді олар.

Зыков Борис «Ақындар әртүрлі болады» (Поэты бывают разные) атты өлеңі арқылы кеш атауының мағынасын түсіндіре отырып, AVANGARD ақындар мен жазушылар қоғамдастығының «бір-бірімен тез тіл табысып, етене жақындасып кеткені тағдырмен жазылған жүздесуден» болу мүмкін деп ойын білдірді. Таныстырылым қорытындысында Борис «бүгінгі іс-шарада бір-бірімізге шығармашылық жолындағы әріптестер ретінде сырттай қарап көрейік деген ниетпен іс-шараны «Жүзбе-жүз жүрегімізді таниық» деп атадық» деді.

Сахна төріне әуелі ақын Гүлмира Шопанова (Inst: gulmira.shopanova) шақырылды. Ол Бористің «Неге жазамын?» (Зачем пишу?) атты өлеңі арқылы шынайы шығармашыл адамның көңілі телегей теңіздей, жаны тұңғиық екенін жеткізе алды деп ойлаймыз.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Өлең үзіндісі:

«Кейде ауыр өлең жазсам да

Көпке ауырлықпен оқимын.

Мейілі, піріме жетпей жатсам да

Әр шумаққа жан тоқимын» (ориг.

Пишу стихи порой замысловато,

Читать решаюсь не всегда их вслух.

Пусть до кумиров мне далековато,

Я вкладываю в строфы весь свой дух).

«Махаббат демі» мен «Сүйемін» атты кітаптарының авторы, ақын Юлия Набатованың (Inst: juliana.poet) орындауында «Күллі әлем де жетпейді» (И целого мира мало) атты өлеңі арқылы «шынайы махаббат» ұғымының мәні өте кең екенін, ал шығармашылық сынды ортақ жолмен тоғысқан жандардың тағдыры да берік, өмірі де күнде жаңалықтарға толы болатынын көрсетті.

Фотомодель, ақын Лилия Долдыринаның (Inst: doldyrinaliliya) орындауындағы «Гороскопқа қарамай» (Вопреки Гороскопам) атты өлеңнің үзіндісін естіп отырып, орта ғасырлардағы ақындардың өзара мәдени алмасуының арқасында талай мемлекеттердің дипломатиялық қарым-қатынастары ұзаққа созылып, қазіргі әдебиет пен жазба ақындық өнерінің дамуына үлкен септігін тигізгені есімізге түсіп кетті.

Мәселен, Дамыған орта ғасырларда қызу сауда Францияның оңтүстік аймақтарын әжептеуір байытып, үлкенді-кішілі қамалдардың ішінде феодалдық сарайлар құрыла бастаған кез еді. Кейбір ақсүйектер өз дәуірінде дүркіреп тұрған қалаларға көшіп, қамал ішіндегі тіршілік реңі өзгеріп, сауық-сайрандары түрлене түсті. Ақсүйектердің арасында әдептілік пен сөз шешендігі және т.б. өнерлер бағаланған болатын. Бірақ, әрине, сыртқы әлемнің күнделікті күйбең тіршілігі өзгерген жоқ, тіпті одан әрі қаталдай түсті десе болады, ал қалыптасып келе жатқан жаңа әулиелік қоғамның құндылықтары жабайы Прерия кезіндегі колонизация туралы әсем романдардағы көркем щығармашылықпен еш ұқсастығы болған жоқ.

Прованстың арабтардың қол астында болған Пиреней түбегінің бөлігіндегі соғыстармен шектелген жоқ. Мұсылмандық Испания билеушілері мен христиан билеушілері жиі дипломатиялық немесе кейде неке арқылы да одақ құрған кез болды. Көпестер мен қажылардың керуендері Пиреней арқылы өтетін бұрын. Мұсылмандық Испания еуропалықтар үшін география, сәулет өнері, философия, медицина және әдебиет саласындағы жаңа білімнің қайнар көзі болды. Крест жорықтары христиандық Батысқа таяу Шығыс және Византия мәдениетімен танысуға мүмкіндік берді.

Прованс лирикасының қалыптасуына ортағасырлық латын поэзиясы, халықтық романеск және Пиреней түбегінің араб поэзиясы үлкен әсер еткен еді. Негізі, сол жайт трубадурлар лирикасының дамуына үлкен әсер етті деген пікір бар. Яғни, әңгіме Испания тұрғындарының – христиандардың да, мұсылмандардың да арасында кең қолданысқа енген араб тіліндегі строфтық өлең жанры – зәжәл туралы.

Өлең үзіндісі:

«Кейде аңғармай қоңыр күздің көңілінде

Жүрегіңді босатасың өлеңіңде.

Сағымдай боп тұрар естеліктер,

Ай астында есің жимай жүргеніңде.

 

Тағдырдың салса-дағы тәлкегіне,

Төзем, тіпті, көпшіліктің әлегіне.

Мейілі, ұйқас келмей құйқа піссін,

Тосқауыл жоқ өнеріміздің шегіне» (Порой не поймёшь, как стихами наружу

Ты вывернешь чувства в осеннюю стужу,

Шагая в потёмках, теряя сознанье,

Пытаясь цепляться за воспоминанье.

 

Тебя я люблю вопреки гороскопам,

Пускай упрекали товарищи скопом.

Мы сложим поэму, хоть рифмы не будет,

За выбор свершенный никто не осудит), – деп өнер иелерінің көкіректерін бір оятты Гүлмира.

«Негізі, бұрыннан бері әні жазылған немесе өзіне шақ ән таңдалған өлең ғана үздік өнер туындысы деп саналады», – дей отырып, Елизавета ән-би үзілісін жариялады. Үзіліс кезінде фортепиано, аккордион, гитара сынды музыкалық аспаптарда ән шырқалып, өнер көрсетілді. Солардың ішінде өнер еркіндігіне уақыт бөлінгенде музыка мектебінің 2-сынып оқушысы, Москаленко Мария гитарамен жұрттың құлақ құрышын қандырды.

Бенефисті Рассита Багамаева (Inst: rassita_poet) «Бақыт» (Счастье) атты өлеңімен қорытындылап, бенефистің ерекше қонағымен бірге төрде отырғандардың жүректеріне күні бойына жылу ұялатты.

Сурет Inst: rassita_poet парақшасынан алынды.

Біз Елизаветаның өзімен жеке сұхбаттасып, қазіргі таңда Қазақстанда мәдени өрлеудің жағдайы қандай және жастар арасында мәдениет жетіспеушілігі бар ма деген сұрақтарға жауап алуға тырыстық.

– Қазіргі таңдағы мәдени іс-шаралардың деңгейі қандай? Сіздің пікіріңіз.

– Әдеби-мәдени кештер қаламызда жиі болып тұрады, әрине. Бірақ, осы бенефис сынды жеке тұлғаларға арналған шығармашылық кештер бәрібір аздау. Мұндай рухани азық беретін шығармашылық іс-шаралар жиі ел назарынан тыс қалып жатады. Тек ақындардың ішінде, нақты бір топтардың шеңберінде болмаса, былай адамдар көп қызығушылық таныта қоймайды өкінішке қарай. Негізі, көбірек көрермен тартса жақсы болатын еді.

– Бүгінгі шара мен еркін форматтың даму тенденциясына зейін салып, болашақта мәдени іс-шаралар қаншалықты өзгеру мүмкін деген сұрақ туындады. Бұндай формат жастар арасында белең алғанына қарағанда ескі форматтағы ресми кештер кішкене қызықсыз, құрғақ сияқты болып көрінді бізге. Қалай ойлайсыз, алдағы уақытта да еркін форматтар өзекті болып қалу мүмкін бе?

– Әрине, ол үнемі өзекті болатын, қазір де өзекті. Көптеген жастар өн-бойларында ақындық, жазушылық өнерлерін оятып, елге шығуға тырысып жүргендері қуантады. Негізі ол күшті нәрсе. Дами беретін сияқты әлі де меніңше, — деп түйіндеді ол.

Осы бенефистен түйгеніміз, ақпараттық соғыс заманында бір тынығып, шынайы рухани азық алуға уақыт таппайтынымызды байқадық. Осы сынды өзге де көпке үйретерлік мәнді кештер көбейе берсін елімізде!

Tags: Астанаақындық кешҚазақ-неміс орталығы
БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

2022 жылы қанша ҚР азаматы елден кетті

Келесі жаңалық

Ақерке Ахметова әділет вице-министрі қызметінен босатылды

Рамазан Есмагамбетов

Рамазан Есмагамбетов

Байланысты жаңалықтар

Қазақстан эстрадасының жұлдыздары жаңа Конституцияны қолдау үшін бірікті – «Халықтың Ата Заңы» халық әнұраны
Категориясыз

Қазақстан эстрадасының жұлдыздары жаңа Конституцияны қолдау үшін бірікті – «Халықтың Ата Заңы» халық әнұраны

9 марта, 2026
10 наурызға жоспарланған репатриациялық рейстер
Категориясыз

10 наурызға жоспарланған репатриациялық рейстер

9 марта, 2026
Астанадағы MEGA Silk Way сауда орталығында «Бақыт деген» музыкалық флешмобы өтті
Категориясыз

Астанадағы MEGA Silk Way сауда орталығында «Бақыт деген» музыкалық флешмобы өтті

8 марта, 2026
Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде жаңа Конституция жобасы талқыланды
Категориясыз

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ: ҚАРЖЫЛЫҚ ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕР ҚАУІПСІЗДІГІ

7 марта, 2026
ОТАНДЫҚ ӘЙЕЛ-ҒАЛЫМДАРҒА АРНАЛҒАН  АКАДЕМИК Н.БАЗАНОВА АТЫНДАҒЫ  МАРАПАТ  САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ТАБЫСТАЛДЫ
Категориясыз

ОТАНДЫҚ ӘЙЕЛ-ҒАЛЫМДАРҒА АРНАЛҒАН АКАДЕМИК Н.БАЗАНОВА АТЫНДАҒЫ МАРАПАТ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ТАБЫСТАЛДЫ

6 марта, 2026
Бейбіт Исабаев әйелдерді 8 Наурыз мерекесімен құттықтап, мемлекеттік наградалар тапсырды
Категориясыз

Бейбіт Исабаев әйелдерді 8 Наурыз мерекесімен құттықтап, мемлекеттік наградалар тапсырды

6 марта, 2026
Келесі жаңалық
Ақерке Ахметова әділет вице-министрі қызметінен босатылды

Ақерке Ахметова әділет вице-министрі қызметінен босатылды

Өткен тәулікте Қазақстанда 35 адам коронавирус жұқтырды

Өткен тәулікте 47 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Air Astana қыркүйекте жаңа рейстерді ашады

Air Astana қыркүйекте жаңа рейстерді ашады

26 июля, 2024
ІІМ мен ҰҚК арнайы операциясы: қауіпті қылмыстық топ ұсталды

ІІМ мен ҰҚК арнайы операциясы: қауіпті қылмыстық топ ұсталды

12 марта, 2021
Өңірлік әкімдіктер жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік қызметтерді цифрлық форматта көрсетуде

Өңірлік әкімдіктер жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік қызметтерді цифрлық форматта көрсетуде

18 мая, 2025

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жаңа Конституция: Конституция жобасына арналған «Референдум–2026» онлайн-марафоны мәресіне жетті

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Ұйқы безінің қатерлі ісігі: неліктен ерте анықтау маңызды-АОО онкологы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматы қаласы ОКҚК дәрігерлері күрделі жол апатынан кейін науқасты аяғына тұрғызды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Қазақстан эстрадасының жұлдыздары жаңа Конституцияны қолдау үшін бірікті – «Халықтың Ата Заңы» халық әнұраны
  • 10 наурызға жоспарланған репатриациялық рейстер
  • Астанадағы MEGA Silk Way сауда орталығында «Бақыт деген» музыкалық флешмобы өтті

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.