Өткен тәулікте 47 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Өткен тәулікте 47 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте 47 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqpress COVID-19 бойынша ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

13 ақпандағы мәлімет бойынша, 1 663 адам коронавирус инфекциясынан (–1 508 + және 155 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 137 пациент стационарда, 1 526 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 6 адамның жағдайы ауыр,
• 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.