Кейінгі тәулікте 69 адамнан коронавирус анықталды

Кейінгі тәулікте 69 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте 69 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqpress COVID-19 бойынша ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

1 ақпандағы мәлімет бойынша, 1 551 адам коронавирус инфекциясынан (–1 404+ және 147 КВИ-) емделіп, олардың ішінде 121 пациент стационарда, 1 430 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 6 адамның жағдайы ауыр,
  • 1 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.