Алматы облысында қар көшкіні жүру қаупі сақталады

Алматы облысында қар көшкіні жүру қаупі сақталады

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті туристер мен демалушылардан қарлы беткейлерге шықпауды, таулы жерлерде барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды, деп хабарлайды Qazaqpress.

Ведомство мәліметі бойынша, Алматы облысының тауларында 9-12 қаңтар аралығында көшкін қаупі сақталады.

«Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 48 көшкін қаупі бар учаске бар. Негізінен қар көшкінінің жүруі температура фонының жоғарылауы және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады», — делінеді ТЖД хабарламасында.