Кейінгі тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды

Кейінгі тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте 105 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqpress COVID-19 бойынша ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

8 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 517 адам коронавирус инфекциясынан (–2 375+ және 142 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 272 пациент стационарда, 2 245 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 15 адамның жағдайы ауыр,
• 6 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 4 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.