Алматыда көпқабатты үйден өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды

Алматыда көпқабатты үйден өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды

Алматыда көпқабатты үйлердің бірінен өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар депаратаментінің мәліметі бойынша, 3 қаңтар күні сағат 10:13 кезінде «101» пультіне Алмалы ауданы, Брусиловский көшесі, 167-үйден өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті.

«Өрт сөндіру бригадасы 18 қабатты үйдің 4-қабатындағы екi бөлмелі пәтердің ас бөлмесін және тағы бір бөлмені 30 шаршы метр аумақта от шарпығанын анықтады. Қабылданған шаралармен өрттің таралуы 10:44-те тоқтатылып, 10:59-да жойылды. Жалынның 5-қабатқа таралуына жол берілмеді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға себебі анықталып жатыр», — деп хабарлады Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.