Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ Бас хатшысы болды

Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ Бас хатшысы болды

Иманғали Тасмағамбетов Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) бас хатшысы қызметіне кірісті, деп хабарлайды Qazaqpress.

— 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Иманғали Тасмағамбетов Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шешімімен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Бас хатшысы қызметіне үш жыл мерзімге тағайындалды, — делінген ҰҚШҰ сайтында.

Еске салсақ, 2022 жылғы 23 қарашада Ереванда ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысушылар ұйымның Бас хатшысы қызметіне Иманғали Тасмағамбетовты тағайындау туралы шешім қабылдаған болатын.