Жыл сайын 18-24 қараша аралығында Дүниежүзілік микробқа қарсы препараттарды дұрыс қолдану апталығы өтеді.
Соңғы екі жылда COVID-19 пандемиясы микробқа қарсы төзімділікке (МҚТ) қарсы күресте қол жеткізілген жаһандық прогреске теріс әсер етті, бұл инфекциялардың антибиотиктерге төзімділігі мәселесін одан да елеулі және өзекті қатерге айналдырды. Коронавирустық инфекцияның ауыртпалығын жеңу және МҚТ таралуын болдырмау сияқты жаһандық ауқымдағы мәселелерді шешу кешенді шаралар мен бірлескен күш-жігерді қажет етеді.
МҚТ – бұл ауру қоздырғыштарының (бактериялар, саңырауқұлақтар, паразиттер) заманауи микробқа қарсы препараттарға төзімділігі, антибиотикке төзімділік – бактериялардан туындаған инфекциялар антибиотиктермен емделмейтін немесе әрең емделетін ерекше МҚТ жағдайы1. Бұл құбылыстардың қауіптілігі – олар ауруларды емдеуді едәуір қиындатады және ілеспе инфекциялардың даму қаупін арттырады. Әлемнің кейбір жерлерінде бұл мәселе пневмония, гонорея, сальмонеллез және т.б. сияқты кең таралған жұқпалы ауруларды емдеу қабілетіне қауіп төндіретін қауіпті жоғары деңгейге жетті.
Бүгінгі күні МҚТ әлемде денсаулық сақтау саласындағы ең үлкен қауіптердің бірі ретінде танылды – бұл мәселеге кез келген адам шалдығуы мүмкін, ол адамның жасы мен оның қай елде тұратынына қарамайды2. Мамандардың бағалауы бойынша, ол жыл сайын 1,27 миллион адамның өмірін қияды, жылына шамамен 5 миллион өлім-жітім онымен жанама түрде байланысты[3]. Үкіметтер, индустрия өкілдері және жалпы қоғам тарапынан бірлескен күш-жігер болмаған жағдайда, 2050 жылға қарай МҚТ салдарынан болатын өлім-жітім саны жыл сайын дүние жүзінде 10 млн жағдайға дейін артып, өлім-жітім деңгейі бойынша қатерлі ісіктен асып түсуі ықтимал деп болжануда.
The Lancet журналында жарияланған әлемдегі ең толық МҚТ ауыртпалығын зерттеу нәтижелеріне сәйкес, антибиотиктерге төзімділік салдарынан өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі Сахараның оңтүстігіндегі Африка мен Оңтүстік Азия елдерінде байқалды – сәйкесінше 100 000 тұрғынға 24 жағдай және 100 000 тұрғынға 22 жағдай, ал Орталық және Шығыс Еуропа, сондай-ақ Орталық Азия елдеріндегідей өлім-жітім 100 000 тұрғынға 18 жағдайды құрады.
Қазақстан Республикасында да МҚТ мәселесі жетерліктей өткір. Соңғы жылдары микробқа қарсы препараттарды тұтынудың біршама төмендеуіне қарамастан, Қазақстанда антибиотиктерді ұтымсыз қолдану бұрынғыша сақталуда. Жүргізілген зерттеулер антибиотиктердің 27,5%-ы дәрігердің тағайындауынсыз қабылданатынын көрсетеді, бұдан басқа антибиотиктерді тағайындау үлесі барлық дәрі-дәрмектердің 29,9%-ын құрайды, ал бұл ДДҰ ұсынған деңгейден, яғни 20%-дан асады. 2000-2018 жылдар аралығында балалары антибиотиктерді қабылдауы ықтимал, табысы төмен немесе орташа елдерден келген адамдар арасында сауалнама жүргізілген тағы бір зерттеу антибиотиктерді қолдану Орталық Еуропада, Шығыс Еуропада және Орталық Азияда ең жоғары екенін көрсетті, бұл зерттеуде елде антибиотиктерді қолданудың орташа деңгейі 72%, ал Қазақстанда 80% құрады.
Сонымен қатар, бізді COVID-19 пандемиясы кезінде антибиотиктерді кеңінен эмпирикалық қолдану нәтижесінде осы тенденцияның күшеюі алаңдатады.
Бұл құбылыстың қауіптілігі мен жаһандық тәуекелдеріне қарамастан, жалпы жұртшылық арасында МҚТ проблемасы туралы хабардарлық айтарлықтай төмен болып қала береді, бұл әртүрлі елдердегі халықты осы мәселе туралы белсенді хабардар ету қажеттілігін көрсетед. МҚТ пациенттер үшін өмірге қауіп төндіретін салдарларды ғана емес, сонымен қатар айтарлықтай экономикалық шығындарды да көтереді: өлім-жітім мен мүгедектіктің жоғары деңгейінен басқа, терапияның тиісті әсерінің болмауы аясында ауруханада ұзақ жатуға, қымбат дәрі-дәрмектерге деген қажеттілікке және науқастар мен олардың отбасылары үшін үлкен қаржылық шығындарға әкеледі1.
Pfizer халықаралық фармацевтикалық компаниясы ешбір адам медициналық көмек алуда жасына, жынысына, этникалық тегіне, әлеуметтік-экономикалық немесе географиялық жағдайына байланысты кедергілерге тап болмауы керек деп санайды. Компания неғұрлым әділ болашаққа ұмтылады, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында жоғары сапалы, қауіпсіз және тиімді шешімдеріне әділ қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдайды. «Салауатты дүние туралы келісім» бірегей бастамасы шеңберінде компания өзінің бірқатар патенттелген дәрілік препараттары мен вакциналарын табысы төмен 45 елде коммерциялық емес негізде қолжетімді етуге міндеттенеді. Келешекте бұл COVID-19 және пневмония сияқты ауыр инфекциялық аурулардан, сондай-ақ кейбір қатерлі ісіктерден, сирек кездесетін және қабыну ауруларынан зардап шеккен 1,2 миллиард адамның денсаулығын жақсартуы мүмкін.
МҚТ-мен тиімді күресуге үлкен кедергі бұл зерттеу және әзірлеу процесінің (R&D) жоғары еңбек сыйымдылығы, сондай-ақ жаңа антибиотиктерді нарыққа шығару болып табылады. Жаңа микробқа қарсы дәрі-дәрмектердің коммерциялық әлеуеті айтарлықтай қаражат бөлу мен ұзақ уақыт өтелуіне, өндірістің ұзақ мерзіміне, сондай-ақ мұндай препараттарды қолдануды шектеу қажеттілігі туралы ұғынудың өсуіне байланысты шектеулі. Осы факторларға қарамастан, Pfizer компаниясы өзінің өмір сақтайтын микробқа қарсы терапия желісін кеңейтуде жаңа мүмкіндіктер мен жаңа серіктестіктерді іздеуді жалғастыруда. Pfizer – дамыған R&D платформасы бар, инновациялық антибиотиктерді жасау саласында белсенді жұмыс істейтін және серіктестермен бірге бүкіл әлем бойынша инфекциялық аурулардың алдын алу мен емдеудегі сындарлы олқылықтарды жоюға күш салатын ірі фармацевтикалық компаниялардың бірі.
МҚТ мәселесін шешу күшті фактологиялық база мен көп аспектілі жұмысқа негізделген кешенді шараларды талап етеді. Оларға дүние жүзіндегі медициналық мекемелерде микробқа қарсы құралдарды жауапкершілікпен қолдануды қамтамасыз ету, денсаулық сақтау жүйелерін қолдау, эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру, инфекциялардың алдын алу (вакцинациялау науқандары мен ақпараттық жобаларды қоса алғанда), диагностиканы дамыту, білім беру, денсаулық сақтау саласындағы теңдікті қамтамасыз ету және пациенттерді тарту жатады. Осылайша, Pfizer компаниясы МҚТ мониторингі үшін әлемдегі ең ірі веб-платформалардың бірі – ATLAS деректер қорын іске қосты, ол дәрігерлер мен әлемдік медициналық қауымдастыққа бактериялардың әртүрлі антибиотиктерге сезімталдығы, сонымен бірге 83 елде, соның ішінде денсаулық сақтау жүйесі аз дамыған мемлекеттерде дамып келе жатқан төзімділік туралы деректерге ашық қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Платформа әртүрлі аймақтардағы МҚТ туралы өзекті ақпаратты алуға және оны микроорганизмдердің түрлері, белгілі бір антибиотик, географиялық орналасуы және бақылау жылы бойынша іріктеуге мүмкіндік береді.
Pfizer компаниясы «Супербактерияларды тоқтатыңыз. Ертеңгі күнімізді құтқаруға көмектесіңіз» науқаны шеңберінде үкіметтерді, реттеушілерді, бизнесті және әлемдік медициналық қауымдастықты жаңа антибиотиктер мен вакциналардың қолжетімділігін қамтамасыз ету саласында, сондай-ақ МҚТ таралу қарқыны мен ауқымын төмендету үшін дәрігерлер мен жалпы жұртшылыққа білім беру іс-шараларын жүргізуде бірлесіп жұмыс істеуге шақырады. Pfizer осы салада максималды прогреске жетуге ұмтылады, сондай-ақ оңтайлы шешімдерді іздеуде бүкіл әлем бойынша денсаулық сақтау саласындағы серіктестерімен тәжірибе мен технологиялық мүмкіндіктермен бөлісу арқылы микробқа қарсы төзімділікпен байланысты айтқысыз ғылыми, экономикалық, медициналық және экологиялық мәселелерді шешуге күш салады.
«Микробқа қарсы төзімділік жаһандық және өте маңызды қауіп болып табылады, сондай-ақ бұл саладағы жағдай жыл сайын күшейіп келеді. Қазақстан үшін де өте өткір, бұл мәселе миллиондаған адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіреді. Орын алған жағдайда еліміздің халқын өзін-өзі емдеудің, оның ішінде антибиотиктермен емделудің зияны және дәрігердің тағайындауларын сақтаудың маңыздылығы туралы белсенді түрде хабардар ету, сондай-ақ медицина мамандарына микробқа қарсы терапия саласындағы төзімді патогендердің таралу қарқыны және қазіргі заманғы әзірлемелер туралы соңғы деректерге қол жеткізуді қамтамасыз ету қажет», — деп Pfizer-дің Қазақстан Республикасындағы және CauCar өңіріндегі медициналық директоры Зарина Қожахметова атап өтті.
Pfizer: Пациенттердің өмірін өзгертетін озық шешімдер
Инновацияларды қолдану және жаһандық ресурстарды пайдалану арқылы Pfizer өмірдің әрбір кезеңінде адамдардың денсаулығы мен өзсезінімін жақсарту үшін жұмыс істейді. Біз жүргізіліп жатқан зерттеулердің, дәрі-дәрмектерді әзірлеу және өндірудің сапасы мен қауіпсіздігінің жоғары стандарттарын белгілеуге тырысамыз. Компания өнімдерінің портфеліне дәрілік құралдар, соның ішінде вакциналар кіреді.
Pfizer қызметкерлері күн сайын дамыған және дамушы елдерде қазіргі заманғы ең ауыр аурулардың алдын алу мен емдеуді жақсарту үшін жұмыс істейді. Pfizer әлемдегі жетекші биофармацевтикалық компаниялардың бірі ретіндегі міндеттемелерін орындай отырып, бүкіл әлем бойынша сенімді, сапалы медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету және кеңейту мақсатында жұмыс істейді.
170 жылдан бері Pfizer бізге сенім білдіретін адамдардың өмірін жақсартуға тырысады.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз