Биыл ұйымдастырылған іс-шараның арқасында ПЛАС-Форум ақырындап танымал болып келе жатқаны анықталды.
ПЛАС-Forum 2022 жұмысына 1055 делегат қатысты, 28 елден 80-ге жуық спикер аудиториямен сахнада әңгіме сұхбат ұйымдастырды, оның ішінде сала сарапшылары мен көшбасшылары, инновациялық өнімдерді, шешімдер мен қызметтерді әзірлеушілер мен жеткізушілер болды.
«Шексіз финтех. Digital Eurasia» атты 3-ші Халықаралық ПЛАС-Форумы 28 ел өкілдерінің басын қосып, бір шаңырақта жинады:
Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Болгария, Ұлыбритания, Грузия, Египет, Ирландия, Иран, Испания, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Корея, Қырғызстан, Латвия, Литва, Моңғолия, Нидерланды, БАӘ, РФ, АҚШ, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан , Украина, Франция, Чехия.
Ауқымды іс-шараның экспозициялық бөлігінде келген қонақтарға арнап нарықтың 60-тан астам көшбасшыларының өнімдері ұсынылды – жаһандық технологиялық компаниялардың, жабдық жеткізушілерінің, шешімдер мен қызмет көрсетушілердің, инновациялық технологиялар мен әлемдегі жетекші компаниялардың идеялары және оларды түрлі қаржы институттарында пайдалану тәжірибесі баяндалды.
ПЛАС-Форумның көрмелік бөлігі жайлы толық репортажын ПЛАС журналының алдағы нөмірлерінен оқуға болады.
Алматыда екінші рет өткізілген ПЛАС-Форумның негізгі мақсаты – жалпы қоғам экономикасын, оның ішінде қаржы саласын цифрландыруға жол ашатын мүмкіндіктер туралы бірлесіп талқылау, әлемдегі цифрландырудың қазіргі тенденцияларын көрсету, Орталық Азия мен Қазақстан, халықаралық серіктестікті ілгерілету және жаңа перспективалы жобаларды жүзеге асыру.
Соңғы жылдары финтех индустриясы қарқынды дамып, цифрлық трансформация кез келген дерлік бизнестің негізгі драйверлерінің біріне айналды. Орталық Азия өңірінің інжу-маржаны – Қазақстан бүгінде Орта Азиядағы ең серпінді дамып келе жатқан елдердің бірі болып саналады, яғни еліміз халықаралық ынтымақтастыққа да, жаңа инвестицияларға да, инновациялық технологияларға да есіктерін кең ашқан. Бұл іс-шара Қазақстандағы инновациялар мен табысты халықаралық жобаларды дамытуға жаңа серпін болу мүмкін.
ПЛАС Медиа Холдингінің Бас директоры және Ұйымдастыру комитетінің төрағасы Александр Гризов ілтипатты сөзімен салтанатты іс-шараны бастады: «Бүгін және ертең біз сіздермен экономика мен қоғамды цифрландыру жолындағы инновациялар мен финтехті одан әрі дамытуға қатысты ең өзекті мәселелерді көтеріп, қиындықтары жөнінде талқылайтын боламыз».
Сондай-ақ салтанатты ашылу кезінде Орталық Азиядағы және Әзірбайжандағы Visa аймақтық менеджері, вице-президент Кристина Дорош сөз сөйледі. Ол кез келген жұмыс процесіндегі ең басты дүние – бірлесіп шешім іздей білетін, инновацияға айналатын дүниелерді ойлап таба алатын адамдар және олардың қарым-қатынасы екенін әсерлі түрде жеткізген болатын. Сондықтан, бүгінгі ПЛАС-Forum сынды алаңдар, сөзсіз, даму жолын таңдау барысында үлкен рол атқарады.
«ПЛАС-Forum – бұл серпінді жобалар мен болашағы биік идеяларды талқылау мүмкіндігі және кәсіби аудитория. Реттеуші ретінде біз үшін әрбір әңгіме-дүкен жаңа идеялардың қайнар көзі», – деді іс-шараның ашылуында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төлем жүйелері департаментінің директоры Ерлан Ашықбеков.
Сонымен қатар, ПЛАС-Forum Ұйымдастыру комитетінің тең төрағасы Константин Гризов «Бүгінгі таңда мемлекеттердің алдағы онжылдықтағы экономикасы ең алдымен инновациялар мен цифрлық даму деңгейімен өлшенетініне ешкім күмән келтірмес. Ал, Қазақстан бұл бағытта Орталық Азияның көптеген елдеріне, әсіресе іргелес көрші елдерге жақсы үлгі бола алатынына сенімдіміз», – деп шаттанып айтты.
Форумдағы конференция бөлімінің бірінші күнінде келесі панельдік сессиялар өтті:
- «Цифрлық банкинг және финтех. 21 ғасыр инновациялары»,
- «Цифрландыру дәуіріндегі қаржылық қызметтер. Банктік бөлшек сауда эволюциясының алуан түрі»
- «Тұтынушыларға қызмет көрсетудегі коммуникацияны түрлендіру. Қашықтықтан тексеру мен мобильді банкингтен банкомат желілеріне дейін».
Спикерлер ұлттық және халықаралық төлем жүйелерін дамыту, мемлекеттік қызметтерді одан әрі цифрландыру, Open Banking және Open API дәстүрлі банктік нарықты қалай өзгертетіні сынды өзекті тақырыптарды талқылаған болатын, сонымен қатар экожүйелердің экономикасын маркетплейс құрудың маңызды бір бөлігі ретінде қарастырып, лезде төлем жүйелері, цифрлық ипотека, цифрлық тұтынушылардың профильдері сынды мәселелерді және т.б. талқылаған болатын.
Мәселен, Kaspi.kz сайтының бас директоры әрі негізін қалаушы Михаил Ломтадзе соңғы үш жылда Kaspi.kz электронды коммерция технологияларына шамамен 150 миллиард теңге инвестиция бөлінгенін айтты. Ал, қазіргі таңда Kaspi.kz супер қосымшасында 400 000-нан астам ШОБ серіктестері, қызметтер мен тауар жеткізушілер тіркелген, оған қоса, қолданбаны 12,8 миллион адам пайдалануда.
«Әрқашан технологияға инвестиция бөліп тұратын компания ретінде біз бизнеске осы технологияларға қосылып, оларды қолдануға мүмкіндік береміз. Қазақстанның бірде-бір компаниясы, әсіресе шағын және орта бизнестер мұндай көлемдегі қаржыландыруды көтере алмайды. Сондықтан, біз технологияларға инвестиция салып, дүниеге алып келіп, сосын кез келген қазақстандық компанияның ыңғайына, әсіресе шағын және орта бизнес қосылып, төлем қабылдай алатындай, жарнамалана алатындай, қаржыландыруға ие бола алатындай және т.б. мүмкіндіктерге қол жеткізе алатындай платформалар ашамыз», – деді М.Ломтадзе.
Ал, Еуразиялық банктің басқарма төрайымы Ләззат Сәтиева несиені төрт секундта алу мүмкіндіктері туралы баяндап берді.
«Бүгінде «Цифрландыру» сөзі ең кең қолданысқа енген сөздердің бірі. Әсіресе банк секторы мен финтехте жиі қолданылуда. Қазір әлем секунд сайын қарқынды дамып келе жатыр. Мысалы, төрт секунд дегеніміз не? Көп пе, аз ба? Негізі, төрт секунд – тоқтап, тыныс алып, шығару үшін, ойланып, шешім қабылдау үшін жеткілікті уақыт. Біз де дәл солай істедік. Біз сәл кідіріп, айналамызға қарадық та нарықтың ірі ойыншыларының арасында, экожүйе және маркетплейс иелерінің арасында расымен гладиаторлық шайқас болып жатқанына көзіміз жетіп, өзіміз үшін жеке шешім қабылдадық. Біз нарықты дамыту бағытын таңдаған жоқпыз, бұл айдан анық әрекет болар еді. Сондықтан, тәуелсіз банк бола отырып, біз корпоративтік және бөлшек клиенттер арасындағы жеке бір көпір болуды ұйғардық және өз ноу-хауымызды құрдық. Бұл жылдам шешім қабылдаудың финтехі. Яғни, дәл осы төрт секундтың ішінде несие алуға мүмкіндік жасадық», – деді Ләззат Сәтиева.
Оған қоса Еуразиялық банк пен қазақстандық Intebix биржасының бірлескен стендінде аталмыш құрылымдардың өкілдері бүкіл Еуразия континентінде алғаш пайда болған заңды крипто-фиат операциясы: крипто-биржа-банк-клиенті туралы баяндап берді. Бұл реттеуші мен бизнестің бірлескен жұмысының нәтижесі.
Fintech өнімдерін цифрландыру саласындағы сарапшы, бас директор, red_mad_robot Орталық Азияның тең құрылтайшысы, Альфа-Банк Қазақстан цифрлық даму департаментінің экс-директоры Агиис Қонқабаева алдағы жылдарда IT мамандарына деген тапшылық болатынын айтты. «Қазір біз 4G-ден 5G-ге көшу жолында тұрмыз. Онымен қоймай, кейбір компаниялар қазірдің өзінде 6G-дің дамуына әсер етуде. Ал, бұл жасанды интеллекттің мобильді желілерге қосылуын білдіреді. Бұл алдағы 10 жылдағы жалпы көрсеткіштерімізге әсер ететін нәрсе. Экономикалық реконструкция теориясына сәйкес, біз қазір инновацияның алтыншы толқынының ортасындамыз және ол шамамен 25 жылға созылу мүмкін. Бұл өзгерістерге жасанды интеллект, робототехниканың дамуы мен ауқымды деректердің қосылуы жатады. Сәйкесінше, бұл технологиялардың барлығы да жаңа кәсіптерге деген мұқтаждықты тудырады. Біз мамандықтардың 70% астамы әлі дүниеде жоқ, бірақ жуырда пайда болатын, ал қазіргі мамандықтардың 50% алдағы онжылдықтарда сұранысқа ие болмайтын дәуірде өмір сүріп жатырмыз. Әлбетте, бұл болашақта IT мамандардың үлкен тапшылығын тудырады. Беделді сарапшылардың болжамына сүйенсек, 2025 жылға қарай инженерлік мамандықтардың тапшылығы 17 миллионға жету мүмкін. Ал, егер тұтастай IT саласы туралы айтатын болсақ, дүниежүзі бойынша тапшылық шамамен 25 миллионға жету мүмкін», – деп баса айтты спикер.
VisionLabs коммерциялық директоры Илья Романов «Human-centric технологиясын қолдану бойынша жаңа трендтер және қаржы индустриясындағы машинаның көзқарасы» атты панельдік сессиясында сөз сөйлей отырып, «компьютерлік көзқарас ЖИ-дің ең ірі сегментіне жатады, ал бүгінгі таңда бұл саламен ТМД нарығында 100 шақты компания айналысады. 2023 жылға қарай мұндай шешімдердің жалпы нарығының көлемі 9,62 миллиард АҚШ долларына жетеді деген болжам бар. Бүгінде ЖИ ақылды қалалар, smart көлік жүйелері, автономды автокөліктер, цифрлық банк қызметтері сияқты цифрлық экономиканың түрлі құрамдас бөліктерінде кеңінен қолданылуда. ТМД елдерінің 40-тан астам ұйымы биометриялық платформаларды енгізіп үлгерген және болашақта бұл көрсеткіш тек өсе беретін болады», – деді ол.
Ал, Tarlan Payments компаниясының бас директоры Максим Чернышов «Финтех немесе өмір. Технологиялар, перспективалар, клиенттер» атты панельдік сессиясында «Алдағы бес жылда банктік аударымдар, әмияндар және қашықтықтан төлем жасау операциялары төлем карталарына қарағанда жиі пайдаланылатын болады және сұранысы өседі», – деп пікірімен бөлісті.
Максим Чернышовтың айтуынша, «Еуропада карталардың үлесі 2021 жылы электронды коммерциядағы төлемдердің шамамен 41% құрады. 2026 жылға қарай бұл көрсеткіш 33%-ке дейін төмендейді деген болжам бар. Цифрлық технологиялар жарысында икемділер ғана аман қалады. Цифрлық дәуір келген кезде бизнес-процестерді, өзара әрекеттесу стратегияларын, арналар мен бизнес үлгілерін жан-жақты түрлендіру бойынша цифрлық технологиялардың интеграциясын талап етеді. Қаржы қызметтерінің жаңа әлемінде кім жеңіске жетеді? – деген сұрақ қойып, спикер үш категорияны ұсынды:
- Необанктер. Азия-Тынық мұхиты аймағында 2025 жылға қарай 100 жаңа қаржы институты пайда болады деген болжам бар.
- Ірі дәстүрлі банктер – 100 ең ірі аймақтық банктер орта есеппен 70 жыл қызмет атқарады.
- Аймақтағы орта және шағын банктер – арнайы ұсыныстарға деген жол әлі ашық.
- Финтех.
- Нарық инфрақұрылымы – төлем желілері, ортақ қызметтер мен қаржы қоғамдастықтарының бірлестіктері.
Кирилл Овсянников, BS/2 Бас директорының стратегиялық бағыттар бойынша орынбасары, «Қазіргі замандағы банкинг пен финтехтің негізгі проблемалары» атты параллель сессияда сөйлеген сөзінде киберқауіптер мен әлеуметтік инженериядан әлеуметтік желілер мен коммуникациялық платформаларға байланысты «Өзіне-өзі қызмет көрсететін банктік экожүйені құрудағы шешілетін ірі 6 мәселе» туралы баяндаманы презентациясының тақырыбы ретінде таңдады.
Өз кезегінде, IBS PROJECT консультанты Константин Хоткин аудиториямен пайдаланушылардың кез келген жерде және кез келген құрылғыда киберқорғанысқа деген сенімділікті арттыру сияқты өзекті сұраққа жауап берді. Спикер жаңа буын банкоматтарын да таныстырды. Сонымен қатар, ол бүгінгі таңда финтех технологиялары белсенді түрде таралып жатқанмен, көп елде қолма-қол ақшаны пайдалану тенденциясы әлі де жоғары екенін және қолма-қол ақшадан бас тарту үрдісі байқалмайтынын айтты. Көптеген адамдар әлі де қолма-қол ақша алу үшін банкоматтарды пайдалануда.
Константин Хоткин қазіргі таңда IBS PROJECT өзінің жаңа банкоматын таныстыратынын айтты, құрылғыда екі монитордың болуына байланысты дизайн жағынан өте ерекше деп танылды. Екі монитордың біреуі жарнама контентін тарату үшін қолданылады. Банкомат алып деңгейлі ақпаратпен жұмыс жасай алады, сондықтан «3 + 1», «4 + 1», «5 + 1» және тіпті «6 + 1» конфигурациялары қол жетімді. Жаңа платформа қолма-қол ақшаны инкассациялауды қажет етпей, мүмкіндігінше ұзақ уақыт бойы оффлайн режимінде жұмыс істей отырып, кез келген банктің жұмысын тұрақты орындауға мүмкіндік береді.
Георгий Фесенко (rozetka.uz, бұрынғы Alibaba-ның іздеу жүйесін экс-оңтайландырушысы – SEO) Өзбекстан нарығы туралы пікірімен бөлісті. Оның пайымдауынша, Қазақстандағы финтех өзінің даму шыңына жақындап келе жатса, Өзбекстан бұл даму жолына енді ғана түсіп жатыр. Сондықтан, Қазақстанда финтех саласында табысқа жеткен компаниялар үшін не істеу керек деген сұраққа ол Өзбекстан нарығына шығу керек деп жауап берді.
«Өзбекстан – экономикасы дамып келе жатқан және қоғамдық деңгейі орташа азаматтары қарқынды дамып келе жатқан алып мемлекет. Бір жарым жыл бұрынғы және қазіргі Өзбекстан мұлдем екітүрлі мемлекет деп айта аламын. Қазақстандағы финтех өзінің даму шыңына жақындап жатса, келесі қадам ретінде табысты компаниялар енді Өзбекстанға кіру керек. Өйткені бұл өте үлкен және қызықты нарық, оған қоса бөлшек сауда мен финтехті дамыту үшін мүмкіндіктері бар қолайлы орта», – деді Георгий Фесенко.
Халықаралық PLUS-Форум конференциясының екінші күні «Шекарасыз финтех. Digital Eurasia» PLUS-Forum бас директорының арнайы қонағы және Senteo incorporated негізін қалаушы, тұтынушылар тәжірибесі, қарым-қатынасты басқару, адалдық және бизнесті трансформациялау бойынша халықаралық сарапшы Майкл Ракманның сөзімен басталды. Ол өз сөзінде жаһандық трендтер туралы, дәл қазір тұтынушылардың қажеттіліктері, қалауы мен мінез-құлқы туралы және тұтынушыларға келгенде нені назарға алған жөн екенін түсіндіріп берді.
Сондай-ақ PLUS-Форумның екінші күнінде «Шекарасыз цифрлық қызметтер. Цифрлық ипотекадан онлайн сақтандыруға дейін», «Трансформация дәуіріндегі электрондық коммерция, төлемдер индустриясы және бөлшек сауда. Жаңа бизнес стратегияларының кең таралғанынан бастап 21 ғасырдағы нарықтар мен адалдық жүйелеріне дейін» атты панельдік сессиялар аясында сарапшылар келесі тақырыптарды талқылады:
- Жаңа өнімдер мен қызметтерді жасау кезінде дизайндық көзқарас;
- Бөлшек сауданы цифрландыру және электрондық коммерцияның болашағы;
- Орталық Азияда E-com енуінің мүмкіндіктері;
- Серіктестердің мойнына арту арқылы жеңілдіктер жүйесіне кететін шығынды қалай төмендетуге болады;
- Бірінші цифрлық банктің жолы;
- Қазақстан банктерінде онлайн есеп жүргізу;
- Цифрлық ипотека – ашық қаржыландыруға бағытталған маңызды қадам;
- Іштен қарағандағы цифрлық ттрансформация. Цифрлық трансформациядағы Agile ролі;
- Intelligent Automation технологиялары нақты цифрландырудың драйвері ретінде;
- Onay – қоғамдық көліктерге арналған цифрлық өнімдер;
- Цифрлық қоғамда бөлшек сауданы трансформациялау;
- WLS beGatewey негізінде электронды коммерция үшін көп арналы төлем шлюзін және ақпаратты өңдеу жүйесін жылдам іске қосу;
- Банктік нарық мысалында электрондық коммерция мен финтехті дамыту;
- Ozon: Қазақстандағы бизнес дамыту алаңы;
- TikTok көмегімен финтех бизнес мәселелерін қалай шешуге болады;
- Freedom Drive. Шиналар, дискілер және автокөлік қызметтері нарығын цифрландыру перспективасы.
Сонымен қатар, дөңгелек үстел аясында «FinTechWomen 2022. Біздің табысқа жету жолымыз. Оған қалай қол жеткізгенімізді талқылау» атты тақырыптың сарапшылары финтехтің дамуындағы заманауи әйелдің ролін талқылады.
Дөңгелек үстел аясында «Beyond the core. Қазақ телекоммуникациясындағы экожүйелер» «Бухта» компаниясының бас директоры Әсет Нұрпейісов соңғы 10 жылда онлайн төлемдердің, карталардың саны артып келе жатқанын, сондықтан банктер бухгалтериямен жиі-жиі бірігіп жұмыс істеп жатқанын айтты.
«2014 жылдан бері біз банк ішінде Қазақстанда онлайн-бухгалтерлік қызмет көрсетуді қолға алдық. Әрине, алғашында банктер бухгалтерияны клиент ретінде қарастырса, біз де өз тарапымыздан банкті клиент ретінде қарастырдық. Бұл өзара тиімді серіктестік болды. Бірақ, Қазақстанның бухгалтериясында қазір қолма-қол ақшасыз операциялардың саны артып келеді. Егер бұрын екінің бірі қолма-қол ақшамен төлей алған болса, енді мемлекет өз тарапынан қолма-қол ақша айналымын шектеп, қолма-қол ақшамен өзара әрекетті барынша қиындатуда. Яғни, бүгінде барлық операциялар ашық түрде жүргізіліп жатқанда банктер арқылы жұмыс істеу әлдеқайда жеңіл. Бірақ, әрине, кәсіпкерге сейфтен қолма-қол ақша алып, оны контрагентіне беріп, келісім-шартқа отырған оңайырақ», – деді сарапшы. Оның айтуынша, бухгалтерияны банктермен біріктіру бұл мәселені шешуге көмектеседі.
«Шекарасыз цифрлық қызметтер. Сандық ипотекадан онлайн сақтандыруға дейін» атты сессиясында Al Fusion компаниясының басқарушы серіктесі Алексей Ильин нағыз цифрландыру драйвері ретінде intelligent automation технологиясының мүмкіндіктері туралы баяндап берді. Спикердің айтуынша, intelligent automation – бұл заманауи банктің жедел өндірісін басқару технологиясы. Бұл бағдарламалық жасақтама роботтары мен жасанды интеллект бірге жұмыс істей алатын жедел өндірісті басқару технологиясының жаңа өнім түрі. Мұнда роботтар күнделікті қолмен орындалатын операцияларды, тапсырмаларды жасайды, ал деректермен жұмыс істеу үшін жасанды интеллект қолданылады».
Алексей Ильин осы технологияны қолданудың пайдасын егжей-тегжейлі қарастырды, сонымен қатар ол «автоматтандырылған роботизация» сияқты термин бүгінде белсенді түрде қолданысқа енгенін айтты. Бұл ең жылдам дамып келе жатқан бағдарламалық жасақтама сегменті. Оның нарықтағы үлесі 2018 жылы 800 миллион долларды құрады, сарапшылардың пікірінше, бұл көрсеткіш 2022 жылы 2,4 миллиард долларға жету мүмкін.
Форумда нарықтың танымал сарапшылары өз пікірлерімен бөлісіп, жеке бағаларын берді:
- Жанар Самаева, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем және қаржылық технологияларды дамыту орталығы төрағасының орынбасары
- Ләззат Сәтиева, Еуразиялық банктің басқарма төрайымы
- Ләззат Ибрагимова, «Отбасы» банкінің басқарма төрайымы
- Алма Обаева, «Ұлттық төлем кеңесі» коммерциялық емес серіктестігі («NPS» NP) Басқарма төрайымы
- Елдос Қуанышбеков, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем және қаржылық технологияларды дамыту орталығы төрағасының орынбасары
- Нұрхат Көшімов, АХҚО Қаржылық технологияларды реттеу комитетінің бас директоры
- Айдос Жұмағұлов, Freedom Finance Bank Kazakhstan Директорлар кеңесі төрағасының кеңесшісі
- Нұрлан Сәрсебеков, ForteBank Басқарма төрағасының орынбасары
- Антон Мусин, Халық банкінің IT және инновациялар жөніндегі бас атқарушы директоры
- Дмитрий Комиссар, ForteMarket базарының бас директоры
- Бекжан Мұтанов, AIFC Tech Hub бас директорының орынбасары
- Молдер Рысалиева, «Ozon» компаниясының Қазақстандағы бас директоры
- Мария Емельянова, «Home Credit Bank Kazakhstan» бөлшек сауда бөлімінің басшысы
- Динара Әбдіқұлова, Altyn Bank Digital Banking департаментінің директоры
- Федор Вирин, Data Insight аналитикалық компаниясының серіктесі
- Александр Чернощекин, Аға вице-президент – PSB цифрлық бизнес бөлімінің басшысы
- Дамир Какиев, red_mad_robot Орталық Азияның тең құрылтайшысы, Альфа-Банк Қазақстан жаппай бизнес блогының бұрынғы басқарушы директоры, Атамекен Кәсіпкерлер палатасының мүшесі
- Виталий Копысов, Sinara Банкінің инновациялық директоры
- Олегжан Бекетаев, маркетинг, PR, ESG, JUSAN банкінің басқарушы директоры
- Серік Байғанин, Алматы қаласы Цифрландыру басқармасы басшысының орынбасары
- Бекарыс Нұрымбетов, Tele2 мобильді қаржы бөлімінің басшысы
- Сергей Коптик, Kcell мобильді қаржылық қызметтер бөлімінің басшысы
- Всеволод Шабад, киберқауіпсіздік және ақпараттық технологиялар бойынша тәуелсіз сарапшы, бұрынғы CISO Halyk Bank, бұрынғы Acronis және Sberbank.KZ CIO
- Азамат Османов, Magnum бас директоры
- Әлібек Қалабаев, Алматы қаласының көлік холдингі жобалық кеңсесінің басшысы
- Никита Орешкин, Huawei IT Solutions компаниясының техникалық директоры
- Дмитрий Ищенко, FinTech қауымдастығының бас директорының орынбасары
- Асель Абдрахманова, AIFC Tech Hub корпоративтік инновациялар бөлімінің басшысы
- Константин Аушев, серіктес, Орталық Азиядағы KPMG технологиялық тәжірибесінің жетекшісі
- Федор Вирин, Data Insight аналитикалық компаниясының серіктесі
- Максим Митусов, тәуелсіз сарапшы
- Александр Чернощекин, аға вице-президент – PSB цифрлық бизнес бөлімінің басшысы
- Сергей Цой, EICON.GREEN компаниясының ESG кеңесшісі
- Дана Солтанова, Kazakhstan Waste Recycling компаниясының бас директоры, Helloeco және Qazaq Recycling құрылтайшысы
- Юлия Носенко, FinTech қауымдастығының ашық деректер мен экожүйелерді дамыту жөніндегі директоры
- Сайдулло Насуллоев, «Эсхата Банк» Цифрлық бизнес департаментінің басшысы, Тәжікстан
- Әсем Нұрғалиева, ПКБ атқарушы директоры, тележүргізуші
- Динара Медетбекова, CIO, Astana Motors
- Елена Седых, IT-кәсіпкер
- Жанаргүл Ізімова, мансап және әйелдер көшбасшылығы бойынша кеңесші
- Василий Андреев, Қазақстан, TikTok негізгі шоттар мен серіктестер бөлімінің басшысы
- Азат Машабаев, Нұр-Сұлтандағы Reworker Kazakhstan компаниясының бас директоры және тең иесі
Ерлан Ашықбеков, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төлем жүйелері департаментінің директоры: «PLUS-Forum – бұл қашан да тек кәсіби аудитория және серпінді жобалар мен табысты идеяларды талқылау мүмкіндігі».
Кристина Дорош, Вице-президент, Орталық Азиядағы және Әзірбайжандағы visa жөніндегі менеджері: ПЛАС-Forum сияқты платформалар, әрине, даму жолын таңдауда үлкен рол атқарады».
ПЛАС-Форумның демеушілері «Шекарасыз финтех. Digital Eurasia»:
Форумның титулдық демеушісі – Visa
Бас демеуші – BS/2
Платиналық демеушілер – Бухта, IBS PROJECT жобасы
Алтын демеушілер – Thales, Vision Labs, LifePay, Tarlan Payments, Check Point, eComCharge, Redmadrobot.kz, tietoevry, Kaspersky, Kontur, Paymob, RapidSoft, EVAM, Eurasian Bank, Genesys
Күміс демеушілер – FBS, Dataphone, Qiwi, GRG, Tinkof, Cloud Payments, Cinimex
Қола демеушілер – OSTCARD, INthemeLab, ATM Alliance, Storm Technologies, ART Bank, Aliot, JetPay, Boimetric, Sunmi, MTS, One Vision, ARBITRE AI SL, MDG компаниялар тобы, VK.tech, Smarter, Sales accelerator
Іс-шараны тіркеу бойынша демеуші – Тәжікстанның халықаралық банкі
Сіздерді 2022 ж. 15–16 қарашасында Ташкентте (Өзбекстан) өтетін «Retail Central Asia» халықаралық PLUS-форумында күтеміз.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз