Өткен тәулікте 56 адамнан коронавирус анықталды

Өткен тәулікте 56 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте 56 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqpress COVID-19 бойынша ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

22 қарашадағы мәлімет бойынша, елде 743 адам коронавирус инфекциясынан (–590+ және 153 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 118 пациент стационарда, 625 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

7 адамның жағдайы ауыр,

5 пациенттің жағдайы өте ауыр,

2 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.