Өткен тәулікте Қазақстанда 35 адам коронавирус жұқтырды

Өткен тәулікте Қазақстанда 35 адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда өткен тәулікте 35 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqpress COVID-19 бойынша ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, елде 811 адам коронавирус инфекциясынан (–664+ және 147 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 65 пациент стационарда, 746 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

3 адамның жағдайы ауыр,

3 пациенттің жағдайы өте ауыр,

1 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.