Ақтөбеде суға батқан екі адамның денесі табылды

Ақтөбеде суға батқан екі адамның денесі табылды

Ақтөбеде екі адам суға батып кетті, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Олардың денесін құтқарушылар жағаға шығарды.

«Кеше сағат 20:40-та Ақтөбе қаласы, коммуналдық жағажай ауданында (қарама-қарсы бетінде) суға түсуге жабдықталмаған орында 2 адамның суға батып кеткені жөнінде ақпарат келіп түсті. Шақырту орнына құтқарушылар жеткен кезде 19 және 20 жастағы азаматтардың суға батқаны анықталды. Құтқарушылардың күшімен олардың денесі жағадан 40 метр қашықтықта 5 метр тереңдіктен шығарылды»,- деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.