Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Спорт

Сана Анарқұлова: «Бір уақытта қалай ойыншы және директор болу керек»

Агзам Текенов by Агзам Текенов
19 июля, 2022
Сана Анарқұлова: «Бір уақытта қалай ойыншы және директор болу керек»

Қазақстандық волейболшы Сана Анарқұлова серіктесі Parimatch болып табылатын «Алтай» волейбол клубының директоры болып тағайындалды. Қазіргі спортшы және команда капитаны сұхбатында жаңа тағайындау, болашақ жоспарлар және екі рөлді біріктіру туралы ойларымен бөлісті.

Байланысты

Астанада CISM Әлем чемпионаты басталады

Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы командалық жарыста тоғыз дүркін Олимпиада чемпионын жеңіп, әлем чемпионатында тарихи қола медаль иеленді

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері

— Сіз жаңа лауазымды мақсатты түрде көздедіңіз бе? Тағайындалғаннан кейін қандай эмоцияларға бөлендіңіз?

— Әрине, клубты басқару, директор рөлінде болу деген мақсатым болған жоқ. Шынымды айтсам, бұл мен үшін күтпеген жағдай болды, өйткені мен кем дегенде тағы бір маусымды ойнауды жоспарлаған едім. Бірақ осы ұсыныстан кейін менің жоспарларым аздап өзгерді. Мені бағалайтыны, клубты сеніп тапсырғаны және «Алтай» сияқты жүйеге басшылық етуді ұсынғаны мен үшін өте қуанышты жағдай. Сонымен қатар, бұл спорттың тек бір жағында болған ойыншы ретінде мен үшін үлкен жауапкершілік. Енді мен өзімді клуб директоры ретінде сынап көруім керек.

— Сіз жаңа рөлді спорттық мансаппен үйлестіруді қалай жоспарлап отырсыз?

— Мені тағайындау туралы көптеген пікірлер мен айтылған сөздерді оқыдым. Көбісі ойнайтын жаттықтырушыны, жаттықтырушының көмекшісін ойын барысынан кездестірген, алайда клубтың директоры ойнағаны ешқашан болған емес. Осындай ұсыныстан кейін мен ойыншы мен директордың міндеттерін бір уақытта біріктіре аламын ба деген сұрақ туындады. Қазір мен үшін жаңа жұмыстың үлкен көлеміне тап болдым. Меніңше, дұрыс таңдау жасау керек, сондықтан мен ойланудамын. Бірақ егер мен екеуін біріктіріп алып жүре алсам, онда бұл керемет болар еді.

-Сіздің тағайындауыңыз туралы білген кезде команда қандай әсерде болды?

— Команда үшін де, мен үшін де бұл жаңалық күтпеген жағдай болды. Бірақ барлық қыздар мені қолдады және құттықтады, мүмкін мұндай өзгерістер жақсы болады деп айтты.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

-Жаңа лауазымнан қандай үміт күтеміз? Сізде жоспарлар бар ма? Қандай өзгерістер жасағыңыз келеді?

— Мен үшін бұл лауазым – жаңа тәжірибе. Маған қиын болады, әрине, бұл – жауапкершілік және үлкен жүктеме екенін түсінемін, бірақ мен тырысамын. «Алтай» әрдайым бірінші орындарды иеленуі үшін, сонымен қатар басшы тұлғасында біздің клубымыздың үздік болып қалуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймын. Өзгерістер болады, бірақ, олар шағын болады деп ойлаймын.

— Сіз өзіңіздің спорттық мансабыңыздан жаңа лауазымға негіз ретінде нені алар едіңіз?

— Спортшы, тәжірибесі мол ойыншы ретінде жаңа лауазым екенін түсінесің – бұл басқа жұмыс, және менің бойыма біткен, дамыған, өзін орнықтырған осы қасиеттердің бәрі маған көмектесетін болады. Бұл табандылық, құлшыныс, мақсатқа жетуге деген ұмтылыс, көшбасшы қасиеттері..

-Жаңа маусымға дайындық қалай өтуде? Жаттығу форматы және құрамдағы өзгерістер жоспарланып отыр ма, сол туралы толығырақ айтып берсеңіз?

— Қазір бізде демалыс әлі жалғасуда. Маусым ұзақ болды, команда күш жинауы керек. Біз дайындықты 10 шілдеде бастауды жоспарлап отырмыз, бірақ біздің көптеген ойыншылар – ұлттық құраманың мүшелері болғандықтан, қыздар Петропавлда оқу-жаттығу жиындарында жаттығуды бастады. Команда құрамында өзгерістер, әрине, болады. Жоспарда аздап «жасару» бар, көбірек перспективалы ойыншылар жинау, тіпті күшейіп, біздің қыздарымызды «Алтай-2» — ден, негізгі командаға біртіндеп көшуге дайын және кәсіби жағынан өскендерді аламыз деген ойдамыз.

— Команда құрамы қалай қалыптасады?

— Құрам жаттықтырушымен бірге кеңесте құрылады. Барлығы талқылануы керек. Қазір біз бас бапкер лауазымына келіссөздер жүргізіп жатырмыз, бізде кандидаттар бар, және бұл лауазымды бекіткеннен кейін біз құрамды қалыптастыра бастаймыз. Егер осы маусымда жақсы ойын көрсеткен қазақстандық жас ойыншылар туралы айтатын болсақ, бізге «Жетісудан» келген Валерия Чумак пен Татьяна Никитина және либеро Томирис Сағымбаева ауысты.

— Алдағы маусымнан қандай үміт күтесіз?

— Мен ойыншы болған уақытта да, қазір директор ретінде қызмет етсем де, тек 1 орынды көздеп отырмын. Біз өзімізді «Алтай» ретінде басқа орындарда , тіпті елестете алмаймыз. Біз әрқашан чемпионаттың көшбасшысы болуымыз керек. Сондықтан бірінші орынды жеңіп алуға тырысамыз. Бірінші рет чемпионатты жеңіп алған кезің ол бір бөлек — бұл өте қиын. Оны жыл сайын қайталау қиынырақ соғады. Тапсырмамыз тек осындай.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Мәсімов елден тыс $ 3 млн алып шықты, бірақ ақша қайтарылды

Келесі жаңалық

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны тағы өсті

Агзам Текенов

Агзам Текенов

Байланысты жаңалықтар

Астанада CISM Әлем чемпионаты басталады
Басты

Астанада CISM Әлем чемпионаты басталады

14 августа, 2025
Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы командалық жарыста тоғыз дүркін Олимпиада чемпионын жеңіп, әлем чемпионатында тарихи қола медаль иеленді
Спорт

Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы командалық жарыста тоғыз дүркін Олимпиада чемпионын жеңіп, әлем чемпионатында тарихи қола медаль иеленді

30 июля, 2025
Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері
Спорт

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері

23 июня, 2025
Чемпиондарды чемпиондар тәрбиелейді
Спорт

Чемпиондарды чемпиондар тәрбиелейді

18 мая, 2025
БӘЙГЕДЕН ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ КУБОГЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРІ ӨТТІ
Спорт

БӘЙГЕДЕН ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ КУБОГЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРІ ӨТТІ

10 мая, 2025
«Жетісу» волейболшы қыздары Азияның клубтық Чемпиондар лигасындағы тұңғыш алтын медалін иеленді
Спорт

«Жетісу» волейболшы қыздары Азияның клубтық Чемпиондар лигасындағы тұңғыш алтын медалін иеленді

28 апреля, 2025
Келесі жаңалық
Кейінгі тәулікте қанша адамнан коронавирус анықталды?

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны тағы өсті

Бүгінгі доллар бағамы белгілі болды

Бүгінгі доллар бағамы белгілі болды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Жаңаөзен қаласының әкімі тағайындалды

Жаңаөзен қаласының әкімі тағайындалды

6 апреля, 2022
Доллардың бағасы тағы түсіп кетті

Доллар бағамы тағы төмендеді

5 марта, 2021
Президенттің Нью-Йорк қаласындағы кешегі жұмыс кестесі жоғары деңгейдегі мазмұнды кездесулерге толы болды

Президенттің Нью-Йорк қаласындағы кешегі жұмыс кестесі жоғары деңгейдегі мазмұнды кездесулерге толы болды

23 сентября, 2025

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Такси және жеткізу қызметкерлері алматылықтарды референдумға қатысуға шақырды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Ұйқы безінің қатерлі ісігі: неліктен ерте анықтау маңызды-АОО онкологы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматы қаласы ОКҚК дәрігерлері күрделі жол апатынан кейін науқасты аяғына тұрғызды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Мьянма Ұлттық сайлау комиссиясының комиссары: Референдум халық арасында үлкен қызығушылық тудырды
  • Жетісуда жасанды интеллект көмегімен жаңа Конституцияға арналған мурал салынды
  • Филиппиндік бақылаушы Қазақстандағы референдумның ашықтығы мен жоғары ұйымдастырылғанын жоғары бағалады

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.