Бүгінгі доллар бағамы белгілі болды

Бүгінгі доллар бағамы белгілі болды

Қазақстан қор биржасында (KASE) 20 шілдедегі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 479-484 теңгені құрады, деп хабарлайды Qazaqpress KASE-ге сілтеме жасап.

Kurs.kz деректері бойынша, Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 478 – 482 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 479 – 485,50 теңге аралығында құбылып тұр.

19 шілдедегі кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 4,27 теңгеге арзандап, 480,35 теңге болған