Тоқаев Елена Рыбакинаны құттықтады

Тоқаев Елена Рыбакинаны құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаны Уимблдон финалына шығуымен құттықтады, деп хабарлайды Qazaqpress.

— Елена Рыбакинаны теннистегі ең беделді жарыс саналатын Уимблдон турнирінде табысты өнер көрсетуімен құттықтаймын. Ол финалға шықты! — деп жазды Президент Twitter-де.

Еске салсақ, 8 шілдеде Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің финалына шыққан болатын.