Қазақстанда доллар бағамы өсті

Қазақстанда доллар бағамы өсті

Қазақстанда доллар қымбаттады, деп хабарлайды Qazaqpress KASE қор биржасына сілтеме жасап.

Kurs.kz деректері бойынша, Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 474 – 478 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 475 – 479,50 теңге аралығында құбылып тұр.

7 шілдедегі кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 8,66 теңгеге қымбаттап, 477,43 теңге болған.