Атырау облысында жол апатынан 5 адам мерт болды

Атырау облысында жол апатынан 5 адам мерт болды

Атырау облысында жол апатынан бес адам мерт болды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 26 маусым күні сағат 16:00 шамасында болған.

«Республикалық маңызы бар Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 31-шақырымы тұсында Toyota Hiluxe және Hyundai Tucson автокөліктері соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Hyundai Tucson​ көлігін​ің 37 жастағы жүргізушісі мен оның 4 жолаушысы оқиға орнында қаза болды. Toyota Hiluxe автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілді», — деп хабарлады департаменттен.